USD 335.33
EUR 395.49
RUB 5.70
Погода в Жансугуров °C

Почетные граждане области

Почетные граждане Алматинской области

Сақауова Бәтима Есболатқызы 1926 жылы Жансүгіров поселкесіне қарасты Шадай жерінде дүниеге келген.
1945 жылы Қапал педагогикалық училищесін бітіріп, еңбек жолын Қапал орта мектебінде мұғалім болудан бастаған. 1946-51 жылдары Қапал аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болады.
1951-53 ж. Қапал аудандық еңбекшілер депутаттары Қеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. 1956 ж. Республикалық және 1959 ж. СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы Партия мектептерін бітірген.
1957-59 ж. Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1959-64 ж. Ақсу аудандық партия комитетінің хатшысы және екінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1964-68 ж. Гвардия аудандық Кеңесінің атқару комитетінің төрайымы. 1968-82 ж. Талдықорған облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1982 жылдан дербес зейнеткер. СОКП-ның ХХIII съезінің, мұғалімдердің Бүкілодақтық I-II съездерінің делегаты.
3 мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, 7 медальдармен, 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Бәтима Есболатқызы барлық саналы өмірін Жетісу елінің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне арнады. Туған Ақсу жеріне сіңірген еңбегі де ерекше. Мектептер мен балабақшалар, аудандық аурухана, кәсіптік - әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салаларының материалдық – техникалық базаларының нығайып, аудан кадрларының өсуіне көп еңбек сіңірді. Қазіргі кезде облыстың қоғамдық жұмыстарына белсене араласуда.
Ақсу ауданының және Талдықорған қаласының құрметті азаматы. Далбағаев Егеубек Даданбекұлы 1931 жылы Кеңқарын ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын 1953 жылы Қаратал ауданының Тастөбе ауылында мұғалім болудан бастайды. Одан кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, білім бөлімінің бастығы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады. Көксу аудандық және Талдықорған облыстық партия комитеттерінің ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі болады. Егеубек Даданбекұлы облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған жылдары ел игілігіне арналған көптеген жақсы істердің ұйымдастырушысы болды. Облыс аудандарында көптеген мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар жаңадан пайдалануға берілді. Сол жылдары Талдықорған қаласындағы облыстық драма театры, Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапхана, М.Тынышпаев атындағы мұражай, І.Жансүгіровтың әдеби мұражайы, Шоқан Уалиханов, Ақын Сара, Мұқан Төлебаевтарға арналған мұражайлар ашылды.
Жетісу өлкесінің музыкалық мұрасының өркендеуіне де көп еңбек сіңірді. Облыстық филармония жанынан құрамында 40 адамы бар М.Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрі құрылып, оннан аса өнер ұжымдары «Халықтық» атауға ие болды.
Зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамға пайдалы іс жасаудан жалыққан емес.1997 жылы облыстық Ардагерлер кеңесі бастығының орынбасары, ал 2001 жылдан бері осы ұйымды басқарып келеді. Е.Далғабаевтың ұсыныс-бастамаларымен ардагер- қариялардың емделіп, сауығуы мақсатында «Ардагер» бөлімшесі ашылды. Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жетісу ардагерлері» кітабын шығарды.
Е.Далбағаев «Құрмет белгісі», «Қызыл Ту» және тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» ордендерінің иегері, КСРО мәдениетінің үздігі.
Тұрғанбеков Асылмұрат 1940 жылы Басқан ауылында туған. Чапаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Қапал ауданына қарасты “Арасан” колхозында тракторшы, электромонтер, Лепсі шеге зауытында шеге жасаушы болып жұмыс істеді.
1963 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітіріп, Ақсу кеңшар- ұжымшар өндірістік басқармасында ұйымдастырушы инспектор, Абай атындағы ұжымшарда зоотехник болды.
1964 жылы Ақсу комсомол-жастарының жетекшісі болып сайланды, 1968-71 жылдары Қазақстан Орталық комсомол комитетінің аппаратында қызмет атқарды.
1978-83 жылдары Андреев аудандық депутаттар атқару комитеті Кеңесінің төрағасы болып істесе, 1983 жылы Талдықорған облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1985 жылы Талдықорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына сайланды. Осы жылы Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірді.
1987-92 жылдар аралығында Панфилов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық депутаттар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1992 жылы Талдықорған облыстық әкімшілік басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1993-95 жылдары Бөрлітөбе, 1995-97 жылдары Қапал аудандарының әкімі, ал 1997 жылы Қапал ауданының таралуына байланысты Ақсу ауданы әкімінің бірінші орынбасары болды.
1998 жылы Алматы қаласы жер ресурстары жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2004 жылдан “Алматыгор НПЦ зем” ДГП мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымында депутат болып сайланған. “Құрмет”, “Халықтар достығы”, “Құрмет белгісі” ордендері мен екі рет “Еңбектегі ерлігі үшін” медальімен марапатталған.
Ескелді, Ақсу аудандарының құрметті азаматы. Шүрегеев Сейдахмет Балтабайұлы 1940 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген. Ресейдің Кемеров қаласындағы техникалық училищесін, Өскемен жол құрылысы институтын жол қатынасы инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл атындағы ұжымшарда электрик, жүргізушіден бастады. 1961-68 жылдары аудандық Ақсу жол пайдалану учаскесінде жүргізуші, аға механик болып жұмыс істеп, 1964 жылы осы аудандық жол мекемесінің бастығы болып тағайындалды.
1968-73 жылдары облыстық жол басқармасы өндірістік – жол лабораториясының бастығы, 1973-78 ж.ж. Қарабұлақ кентіндегі жол пайдалану құрылыс учаскесі қалалық жол басқармасының, 1979-92 ж.ж. №8 «Жол- көпір құрылысы» тресінің бастығы қызметтерін атқарды.
1992 жылдан осы уақытқа дейін “Ақжол” жабық акционерлік қоғамының президенті. Оның республика, облыс көлемінде автомобиль жолдарының сапалы салынуына, жөнделуіне қосқан үлесі үлкен. Лепсі ауылы жанындағы Көтен Тәуіп Қоңырбайұлының кесенесіне баратын асфальт жол салды.
Ақсу аудандық, Талдықорған қалалық кеңестерінің депутаты болған. 3 мәрте Алматы облыстық Мәслихатының депутаты.
“Еңбек Қызылту” ордені және “Еңбек ардагері”, “Құрметті жолшы” медальдарының иегері.
Зияданов Амантай 1941 жылы Ақсу ауданы Сүттіген ауылында туған. Білімі жоғары, 1965 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын малдәрігері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1958 жылы Қызылтаң кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1965-72 жылдары «Қызылтаң» кеңшарының веттехнигі, бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1972-74 жылдары аудандық мал дәрігерлік станциясының бастығы, 1974-76 жылдары Жансүгіров атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары, 1976-78 жылдары аудандық бас мал дәрігері қызметтерін атқарды. 1978 жылдан үзбей «Жаңақоғам» кеңшарының директоры болып келді. 1996 жылдан бері «Ақсу» өндірістік кооперативі болып ауысқан сол шаруашылықтың төрағасы. Бүкіл саналы өмірін кіндік қаны тамған жердің, елінің өсіп- өркендеуіне арнаған азамат, ел ағасы.
«Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Алматы облыстық Мәслихаттың үш бірдей шақырылымдарының депутаты.

Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлы 1934 жылы 15-ші маусымда Алматы облысы, Ақсу ауданы, қазіргі Ойтоған ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінде дүниеге келген.
Ойтоған ауылындағы жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін сол кездегі аудан орталығы – Ақсу ауылындағы Ы.Алтынсарин /қазіргі кезде Мамания/ атындағы орта мектепте оқып, бітіріп шықты. Еңбек жолын Матай электростанциясы мекемесінде машинистің көмекшісі болып бастап, 1954 жылы «Тың игеру» науқанына байланысты құрылған «Қапал» астық совхозының өнім алуына көптеген жастар қатарында еңбек етті. 1954-1959 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтын неміс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Өзі оқыған «Мамания» орта мектебіне шетел тілін білетін алғашқы жоғары білімді қазақ жігіттерінің бірі болып мұғалімдік қызметке орналасты. Ұстаздық ете жүріп қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Мектептің комсомол комитетінің хатшысы, 1962-1968 жылдары аралығында «Мамания», «Гагарин» орта мектептерінде, балабақша, Ақсу құрылыс техникумында оқу-тәрбие орындарының біріккен партия ұйымының хатшылық жұмысын басқарып, мұғалімдер ұжымының ұйтқысы ретінде абыройлы еңбек атқарды.
1967 жылы оқу-тәрбие саласында жаңадан енгізілген «Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары» қызметін екі жыл жүргізіп, 1968 жылдан бастап аудан орталығындағы мектептерде: 1968-1972 жылдары Е.Сиқымов /бұрынғы Чапаев/ атындағы орта мектептің, 1972-1977 жылдары Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің, 1977-2002 жылға Е.Сиқымов атындағы орта мектебінде директорлығы лауазымында жұмыс істеді.
Мектеп директорының тікелей белсенділігінің арқасында 1992 жылы бұрынғы ескі мектептің орнына 844 орындық жаңа мектеп ғимараты бой түзеді. 1970 жылдары қызылша алқаптарын өсіріп, баптауда мектеп тарапынан ұйымдастырылған «Діңгек» совхозының жанындағы оқушыларының жазғы еңбек және тынығу лагерінің ұйымдастырылып, іс-тәжірибе жетістіктері Республика көлемінде басқа да қызылшалы өңірлерге кеңінен таратылды. Қазақстан Республикасының Президентін және одан кейінгі Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті депутаттары сайлауында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы болды. Аудандық «Ілияс Жансүгіров» атындағы қоғамдық қордың, қамқор кеңесінің төрағасы ретінде 2010 жылы су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылын қалпына келтіру жұмыстарына жұртшылықпен бірге етене араласты.
Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлының талай жылғы ұстаздық еңбегі бағаланып,1976 жылы «Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «В.И.Ленинннің 100 жылдығы», «Конституцияның 10,20 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» және басқа да медальдармен марапатталып, 2002 жылы «Ақсу ауданының құрметті азаматы», 2014 жылы «Алматы облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қасымбеков Нұрбек Сәрсембайұлы зейнеткерлік демалысқа шықса да ауданда атқарылып жатқан қоғамдық-саяси шараларға белсене атсалысып, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға, келешек жас ұрпақты ұлттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде, дені сау азамат болып өсуіне, ұлттық салт-дәстүрдің сақталуы үшін үлкен жұмыстар атқарып, 2003 жылдан осы уақытқа дейін аудандық ардагерлер кеңесінің және аудандық «Ілияс Жансүгіров» атындағы қоғамдық қордың төрағасы қызметін атқаруда.

Как получить удостоверение личности и заграничный паспорт

Государственная услуга по выдаче удостоверения личности и заграничного паспорта является одной из востребованных. За 11 месяцев текущего года по Алматинской области выдано 146030  удостоверений личности и паспартов.

Для получения указанных документов гражданам необходимо осуществить следующие шаги.

1-шай – обратиться в любой фронт-офис ЦОН.

 

2-шаг - оплатить государственную пошлину в отделении Казпочты или банка второго уровня.

Размер государственной пошлины за выдачу удостоверения личности составляет 0,2 МРП (453,8 тг), за выдачу паспорта - 4МРП (9 076 тг).

15 Декабря 2017
Протокол общественных слушанийв форме открытых собраний по «Оценке воздействия на окружающую среду» и технических решений рабочего проекта «Реконструкции участка автомобильной дороги республиканского значения «Алматы - Усть-Каменогорск» («Талдыкорган – Калбатау-Усть-Каменогорск») км 287-1073, участок км 325-410

1. Дата проведения: 5 декабря 2017 года, 16:00 часов

2. Место проведения: в большом зале здания Аксуского районного акимата

3. Общественные слушания организованыГУ «Аппарат акимаАксуского района», ФАО «НК «КазАвтоЖол» - «Дирекция по строительству», генеральный проектировщик ТОО «Каздорпроект»

4. Информация о проведении общественных слушаний доведена до сведения общественности посредством публикации объявления о проведении общественных слушаний, на государственном и русском языках, в средствах массовой информациии официальном интернет-ресурсе, а именно:

- в редакции районной газеты «Ақсу Өңірі», выпуск редакции № 46 (9885), дата публикации 10 ноября 2017 г.;

- на официальном интернет ресурсе акиматаАксуского района, публикация от 10.11.2017 г.;

- материалы «Оценки воздействия на окружающую среду» к рабочему проекту«Реконструкция участка автомобильной дороги республиканского значения «Алматы - Усть-Каменогорск» («Талдыкорган–Калбатау-Усть-Каменогорск»)км 287-1073, участок км 325-410.

 

13 Декабря 2017
Протокол общественных слушанийв форме открытых собраний по «Оценке воздействия на окружающую среду» и технических решений рабочего проекта «Реконструкции участка автомобильной дороги республиканского значения «Алматы - Усть-Каменогорск» («Талдыкорган – Калбатау-Усть-Каменогорск») км 287-1073, участок км 325-410

1. Дата проведения: 5 декабря 2017 года, 12:00 часов

2. Место проведения: в здании дома культуры с. Сагабуен

3. Общественные слушания организованы ГУ «Аппарат акима Аксуского района», ФАО «НК «КазАвтоЖол» - «Дирекция по строительству», генеральный проектировщик ТОО «Каздорпроект»

4. Информация о проведении общественных слушаний доведена до сведения общественности посредством публикации объявления о проведении общественных слушаний, на государственном и русском языках, в средствах массовой информациии официальном интернет-ресурсе, а именно:

- в редакции районной газеты «Ақсу Өңірі», выпуск редакции № 46 (9885), дата публикации 10 ноября 2017 г.;

- на официальном интернет ресурсе акиматаАксуского района, публикация от 10.11.2017 г.;

- материалы «Оценки воздействия на окружающую среду» к рабочему проекту«Реконструкция участка автомобильной дороги республиканского значения «Алматы - Усть-Каменогорск» («Талдыкорган–Калбатау-Усть-Каменогорск»)км 287-1073, участок км 325-410.

 

13 Декабря 2017
Карта сайта Обратная связь