USD 379.29
EUR 426.40
RUB 5.93
Погода в Жансугуров °C

Ақпарат

Тұрғындарғы көрсетілетін медициналық қызметтер деңгейін арттыру және сапасын жақсарту бойынша «Ақсу ауданының денсаулық сақтау» мекемесінің 2016 жылға жүргізілген жұмыстары туралы

Аудан әкімдігі аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтер деңгейін және сапасын жақсарту мәселесі бойынша денсаулық сақтау мекемесі нақты жұмыстар жүргізілгендігін атап өтеді.

Денсаулық сақтау саласының жалпы бюджеті 2016 жылы 1 млрд 283 млн 811 мың теңгені құрады, ал 2015 жылы 1 млрд 440 млн 224 мың теңге болды. Жалпы сомасы 23 млн 490 мың теңгеге медициналық құрал жабдықтар алынған. Олар: 2016 жылы 2 монитор пациента, ЭКГ аппарат 6 каналды және 12 каналды, 2 дефибрилятор аппараты, комплексті биохимиялық анализатор 24 параметрлік, КШС аппараты, 2 гинекологический вакумный экстракт, 20 қандағы қант және холестеринді анықтайтын анализатор орталық ауруханаға алынды.

Емдеу-профилактикалық мекемелерінің медициналық құралдармен жабдықталуы, кадрлар тапшылығы әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірнеше көрсеткіштерінің өсуіне әсері болды.

Жалпы өлім 2015 жылы 7,9-дан, 2016 жылы 7,2-ге төмендеп отыр.

Нәресте өлімі 2015 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,9-дан, 2016 жылы 8,4-ке өсіп өтыр.

2015 жылы ауданымызда 1 ана өлімі тіркеліп, 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 120,0 болды.

Қан айналым жүйесі ауруларымен аурушаңдық деңгейі 2015 жылы 100 мың адамға шаққанда 2534,5-тен, 2016 жылы 2524,6-ға төмендеп отыр.

Аудан бойынша қан айналым жүйесі ауруларынан өлім 2015 жылы 135,5-тен, 2016 жылы 123,3-ке төмендеді.

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 55,3-тен, 2016 жылы 52,3- ке төмен.

Туберкулезден өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 5,0, 2016 жылы 2,4.

Бурцеллезбен аурушаңдық 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 47,2-ден, 2016 жылы 39,8-ге төмендеді.

Вирустық гепатитпен аурушаңдық 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 22,4 болса, 2016 жылы тіркелген жоқ.

Қатерлі ісік ауруымен сырқаттанушылық 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 125,6-тен, 146,7-ге өсіп отыр.

Қатерлі ісік ауруынан өлім көрсеткіші 2015 жылы 86,2-ден, 2016 жылы 27,3-ке төмен болды.

Орталық аудандық ауруханасының

бас дәрігері А.К. Балтабаев

Объявление!
11 Апреля 2019
Уважаемые жители и гости Аксуского района!

Отдел по чрезвычайным ситуациям Аксуского района сообщает, что в соответствии с планом проведения регламентных и технических работ на 2019 год, в целях проведения технической проверки районной системы оповещения 17 апреля 2019 года в 12.00 часов будут включены электросирены на 30 сек. 

09 Апреля 2019
Карта сайта Обратная связь