USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
Погода в Жансугуров °C

Объявления

19 Декабря 2014 10:15
Ақ бұлақ бағдарламасы негізінде жасалынған және жоспарланған жұмыстар.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен (2011 жылдың 24 мамыры №570) 2011-2020 жылдарға арналған екі кезеңнен тұратын «Ақ бұлақ» бағдарламасы бекітілді.
Негізгі мақсаты - тұрғындарды жеткілікті мөлшерде және сапасына кепілдеме берілген ауыз сумен жабдықтау, сонымен қоса су ресурстар тапшылығын қысқарту бойынша шараларды қарастыру. Жалпы алғанда аудан бойынша 49 елді мекеннің 25 елді мекені орталықтандырылған, 24 орталықтандырылмаған.
«Ақ бұлақ бағдарламасы» аясында аудан бойынша 2011-2014 ж.ж. аралығында бірқатар елді мекендердің су жүйелерінің құрылысына және жаңғырту жұмыстарына мемлекет тарапынан қаражат бөлінді.
Соның ішінде:
2011 жылы – Арасан ауылының су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына 74 млн 200 мың теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2012 жылы – Б.Сырттанов ауылының су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына 65 млн. қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1082 халық таза ауыз сумен қамтылды. Елді мекенде жалпы 165 аула саны бар, соның барлығы орталық су құбырына қосылған, ал 100 аула су есептегіш құралдарын орнатқан.
2013 жылы – Матай, Энергетик, Қопа ауылдарының су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына 705 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде халық таза ауыз сумен қамтылды. Жансүгіров ауылының әр ауласына сервистік желі қосу жұмыстары жүргізілді.
Матай ауылында (191 млн.) жалпы 707 аула болса, соның 600 ауласы орталық су құбырына қосылып, соның ішінде 10 аула су есептегіш құралдарын орнатты.
Энергетик ауылында (117 млн.) жалпы 38 аула болса, соның 33 ауласы орталық су құбырына қосылып, барлығы су есептегіш құралдарын орнатты.
Қопа ауылында (92 млн.) жалпы 68 аула болса, соның 56 ауласы орталық су құбырына қосылып, су есептегіш құралдарын орнатқан.
Жансүгіров ауылында (305 млн.) жалпы 1707 аула болса, соның 1200 ауласы орталық су құбырына қосылды, соның ішінде 616 аула су есептегіш құралдарын орнатқан.
Үстіміздегі 2014 жылы – Сағабүйен және Алтынарық ауылдарының су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына 330,0 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2014 жылы «Ақ бұлақ бағдарламасы» аясында Қапал (25.03.2013 жылы №18-0146/13 - 645.4 млн. тенге) және Суықсай (30.04.2014 жылы №18-0275/14 - 281,8 млн. тенге ) ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 2014-2015 жылдарға жоспарланған қараша айындағы мәслихат отырысының шешімімен облыстық бюджеттен 35 млн. теңге қаражат бөлініп электронды конкурс жарияланды. Құрақсу, Көлтабан, Үлгілі ауылдарының ауызсу жүйелеріне 64 млн. теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Арасан, Қаракөз, Кенғарын, Көшкентал, Жаңалық ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына, Ақсу және Есеболатов ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстарының (ПСД) жобалау сметалық құжаттамалары даярланып мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Құрылыс жұмыстары 2015-2016 жылдарға жоспарланған.
Ойтоған, Қарашілік, Көкөзек, Ащыбұлақ, Тарас, Еңбек ауылдарының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамаларын даярлау үшін 13 млн. теңге бөлінді. Жобалау сметалық құжаттамасын даярлау 2015 жылға жоспарланып отыр.


Вернуться назад

Окно выдачи готовых документов будет открыто только в одном ЦОНе в каждом городе и районе Алматинской области

Окно выдачи готовых документов будет открыто
только в одном ЦОНе в каждом городе и районе Алматинской области

31 Марта 2020
Объявление!

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ РАЙОНА !

19 Марта 2020

Карта сайта Обратная связь