USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
Погода в Жансугуров °C

Автобиография руководителей

Аким Аксуского района - Базарханов Есім Сеилханұлы

Базарханов Есім Сеилханұлы 09 ақпан 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1999 жылы Д.А.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институтының заңгер, 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қаратал ауданының прокурорының көмекшісі болып бастаған.
2002-2003 жылдары «Павлодар облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің тергеу басқармасының прокуроры, «Павлодар облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық және әкімшілік істерді қаддағалау басқармасының прокуроры, «Павлодар облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры,
2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бақылау және талдау басқармасының нормативтік құқықтық актілерді бақылау бөлімінің басшысы,
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің басшысының орынбасары,
2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақмола облысы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің басшысы,
2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс департаментінің басшысы,
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры орынбасары,
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары.
2014 жылдың 10 сәуірі мен 2018жылдың 17 қазаны аралығында Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың 17 қазанынан Ақсу ауданы әкімі қызметін атқаруда.

 

Аудан әкімінің орынбасары -Қабаев Арман Маратұлы

 Қабаев Арман Маратұлы 1972 жылы 26 мамырда Алматы облысы, Алакөл ауданы Үшарал қаласында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1994- жыл- Семейдің малдәрігерлік институты.

1994-1998 жж аралығында Алакөл ауданы Үшарал колхозында Қарақұм бөлімшесінде мал дәрігері.

1998-1999жж аралығында Алакөл аудандық ветстанциясында ветсанитар, эпизоотологиялық қадағалау бөлім бастығының орынбасары.

1999-2001жж аралығында ҚР АШМ Алакөл аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік ветинспекторы.

2001-2006жж ҚР АШМ Алакөл аумақтық басқармасы бастығының орынбасары-бас мемлекеттік ветинспекторы міндетін атқарушы.

2007-2011жж ҚР АШМ  АӨК МИК Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы.

2012-2015жж ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бастығы.

2015-2017жж ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, Алматы облысы. Талдықорған қаласы.

2017-жылдың қазан айынан  Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

 

Есжанов Ғазиз Отарбайұлы, 1974 жылдың 3 қазанда Қазақстан Республикасы Талдықорған облысы Қапал ауданы Калиновка ауылында дүниеге келді.
2 жоғары білімі бар: 2006 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін ветеринариялық іс мамандығы бойынша және 2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2010 жылы Еркін селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маман ретінде бастаған.
2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы;
2015-2017 жылдары «Сарқан аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2017-2019 жыллдары «Сарқан аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылғы ___ қаңтардағы аудан әкімінің №___ өкімімен Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Аудан әкімінің орынбасары – Сабырбаев Амандос Ақышұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабырбаев Амандос Ақышұлы 1964 жылы 3-тамызда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу селосында дүниеге келген.

1971 жылы Ақсу ауданы , Жансүгіров поселкесіндегі Қ.Сатбаев атындағы орта мектепке барып, оны 1981 жылы бітірген.
1981-1983 жылдары Шымкент кооперативтік техникумында оқып бухгалтер мамандығын тәмамдады. Білімі жоғары.
1983 жылдан 1985 жылға дейін Совет Армиясы қ атарында болып, 1988 жылдан 1998 жылға дейін Алматы облысы, Ақсу ауданы тұтынушылар қоғамында бухгалтер, халық бақылау комитетінің төрағасы, сауда орталығының директоры болып жұмыс атқарды.
1998 жылдан Ақсу ауданы әкімінің экономика комитетінің маманы, бас маманы, экономика комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады.
2003-2004 жылдар аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
2004-2005 жылдараралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімінің ауылшаруашылық бөлімінің басмаман менеджері, 2005 жылдың наурызайынан 2008 жылдың наурыз айына дейін Алматы облысы, Ақсу аудандық Мәслихаттың бас маманы қызметін атқарды 2008 жылдың 19 наурызынан 2017 жылдың маусым айына дейін Алматы облысы, Ақсу ауданды әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың 29 маусымынан Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы – Құсмолдин Серік Әділбекұлы

Құсмолдин Серік Әділбекұлы 1984 жылы 1-қаңтарда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров поселкесінде дүниеге келген.
2001 жылы Ақсу ауданы , Жансүгіров поселкесіндегі Қ. Сатбаев атындағы мектеп-гимназиясын тәмандады.
2008 жылы, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары.
2004 жылдан 2006 жылға дейін "Вихрь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қауіпсіздік қызметкері, Талдықорған қаласы. 2007 жылдан 2009 жылдар аралығында Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығының Ақсу ауданы бойынша филиалының бас маманы. 2006-2014 жылдары Алматы облыстық зейнетақы төлеу орталығының Ақсу ауданы бойынша филиалының басшысы. 2014 жылдан 2017 жылға дейін "Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2017 жылдың 29 маусымынан Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді

 

SMS-уведомления о суммах налогов на имущество и землю

С 19 сентября казахстанским налогоплательщикам (физлица) направляются SMS-уведомления о суммах налогов на имущество и землю

30 Сентября 2019
Уважаемые предприниматели и жители Аксуского района!

На сегодняшний день в Алматинской области зарегистрировано более 120 000 тыс. действующих субъектов малого и среднего бизнеса и число их постоянно увеличивается. 

24 Сентября 2019
Карта сайта Обратная связь