USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
Погода в Жансугуров °C

БЕКІТІЛГЕН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Ақсу ауданының статистика басқармасы туралы
Ереже

1. Жалпы ереже

1. Ақсу ауданының статистика басқармасы (бұдан әрі-басқарма ) Алматы облысының статистика департаментінің ( бұдан әрі-Департамент ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады,
2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасы Канституциясы Статистика Агентігі (бұдан әрі- Агенттік ) Төрағасы мен Жауапшы хатшысының бұйрықтарын , Департамент басшысының, Агенттік пен Департамент туралы ережелерді және осы ережені басшылыққа алады.
3. Басқарманың құрылымы мен щтат саны Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпте Агенттік Жауапты хатшысының келісімі бойынша Департамент басшысы бекіткен штат кестесіне сәйкес бекітіледі.

2. Ақсу ауданы статистика басқармасының негізгі міндеттері,қызметі, құқықтары мен міндеттері
4. Міндет: алғашқы статистикалық ақпараттарды жинау, бақылау, өңдеу және басқарманың құзырына жататын бақылаулар бойынша Департаментке алғашқы статистикалық мәліметтер базасына уақытылы тапсыру.
Қызметі:
1) Қызмет аясын Агенттік пен Департаменттің жоспарлары, кестелері, нұсқаулары,на сәйкес жоспарлау;
2) Әкімшілік дереккөздермен әрекеттестік;
3) Оқыту, кенес беру, сауалнамаға жауап берушілердің арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарау;
5, Міндеті: әдістемеге сәйкес статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Қызметі:
1) Статистикалық бақылау әдістемесіне сәйкес алғашқы статистикалық мәліметтерді жинау, бақылау және түзету:
2) БДСН бойынша Агенттік пен Департаменттің сұранымдарын өңдеу;
3) Статистикалық тіркелім мәліметтерін жаңғырту;
6, Міндеті: Статистикалық ақпараттарды пайдаланушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында Департаменттің сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін арттыру.
Қызметі:
1) Статистикалық мәліметтердің өңдеу процестері мен процедураларын және таратылуын қолданыстағы әдістемелікке сәйкестендіру;
2) Сапа менедженті жүйесі бойынша ішкі реттеуші құжаттардың, ішкі құжаттамалардың талаптарын орындау;
7. Міндеті : Материалдың – техникалық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Қызметі:
1) ішкі мемлекеттік мүліктерді ұқыпты және үкімді пайдалану;
8. Құқықтары мен міндеттері:
1) Сауалнамаға жауап берушілер мен әкімшілік дереккөздерден қайтарымсыз негізде алғашқы статистикалық мәліметтерді алу;
2) Статистикалық жұмыстар жоспарын іске асыру бойынша қажетті жұмыстар жүргізу;
3) Департаменттің салалық басқармаларынан басқарма жұмысына қажетті ақпараттық материалдар алу;
4) Статистикалық әдістемелікті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) Алғашқы статистикалық ақпараттардың құпиялылығын сақтау;
6) Сапалы статистикалық ақпараттарға, әдістемеліктерге бір уақытта қолжетімдікті оларды Интернет- ресурсқа орналастыру жолымен пайданушылардың тең құқықтарын сақтау;
7) Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаулар мен түсіндірулер жөніндегі алғашқы статистикалық мәліметтерді қабылдау жөнінде тиімді мемлекеттік қызметтерді көрсету;
8) Сапа менеджменті жүйесі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
9) Департамент басшысы берген және басқарманың міндеттерін іске асыруға арналған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3. Ақсу ауданы статистика басқармасының
қызметін ұйымдастыру

9. Басқарма заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне, Агенттік Төрағасы мен Жауапты хатшысының бұйрықтарына, Департамент басшысының бұйрықтарына, Агенттік пен Департаменттің Ережелеріне және осы Ережеге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
10. Басқармаға басшы басшылық жасайды, ол Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрығы негізінде қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
11. Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Департамент басшысының бұйрығы негізінде қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
12. Басқармаға Депертамент басшысының орынбасары жетекшілік жасайды.
13. Басқарма басшысы Департамент басшысына және оның жетекшілік жасайтын орынбасарына тікелей бағынады.
14. Басқарма басшысы басқарма жұмысына жалпы басшылық жасайды және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның қызметін жүзеге асыруына дербес жауапкершілікті болады.
15. Басқарма жұмыскерлерінің қызметі Департамент басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтармен реттеледі.

Дата редактирования: 17 Қазан 2017 15:21
Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақсу ауданның білім бөлімі» ММ, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 5, «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

   Бос орын:  «Ақсу ауданының білім бөлімінің «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

17 Қазан 2019
Хабарлама

2019 жылы 17 қазан күні сағат 12:55-де. Ақсу ауданында орналасқан құлақтандыру жүйесі тексеріс мақсатында электродабылдарды 30 секундқа іске қосылады (орта. және жергілікті іске қосу).

14 Қазан 2019
Сайт картасы Кері байланыс