USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

Есеболатов ауылындағы «Тұрғамбай қажы» мешіті

Ақсу ауданы Есеболатов ауылындағы «Тұрғамбай қажы» мешіттің сипаттамасы


Төлебай көшесіндегі №9 үйде орналасқан бұл мешітті салдырған Асебекұлы Қайыр. Мешіт құрылысын өзбек бауырлар жүргізген. Мешіттің құрылысы 2006 жылдың мамыр айында басталып 2006 жылдың қараша айының 3 жұлдызында аяқталып, еліміздің Бас муфтиінің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, алғаш рет уағыз айтылып, жұма намазы оқылды. Мешіт ұзындығы 14-14 метр, биіктігі 4,20 метр. Мешіттің ауласының көлемі 252,10 шаршы метр. Аулаға шырша талдары отырғызылған. «Тұрғамбай қажы» мешіті ауданымыздағы үлкен мешіттердің бірі, ауылға кірген бетте бірден көзге көрінеді, және қараған адамды өзіне тартарлықтай ерекше әсемдігі бар. Мешіт 3 бөлмеден тұрады, онда ерлер, әйелдер және имам бөлмесі бар, онда бақара сүресінің 255 аяты жазылған, 1 жұмыс столы, 4 орындық. Мешітте дыбыс күшейткіш, 10 терезе 4 есік бар. Мешітке кіре беріс маңдайшалары доға іспетті жасалып фатиха сүресі жазылған. Михрапта Ықылас сүресі жазылған. Мешіт күйдірілген қызыл кірпішпен салынған. Күмбез биіктігі 9 метр, диаметрі 8 метр. 2 мұнара биіктігі 15метр. Мешіттің жылу жүйесі элекр жарығымен. Мешіт сыртында демалатын орын бар көлемі 5*4 метр болатын және дәретхана орналасқан, дәретхана ерлер және әйелдерге арнайы бөлінген көлемі 3*3 метр. Мешіт оюлы темір қоршаумен қоршалған.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс