USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
Погода в Жансугуров °C

Халықпен жұмыс

Азаматтар үндеуін тіркеу реті

Ақсу ауданы әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерімен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы № 221-ІІІ ҚРЗ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес жұмыс жүргізіледі. Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы тізімге сәйкес азаматтарды қабылдауды өткізеді.

Азаматтардың қабылдауды ұйымдастыру және өтініштерін қарау жалпы бөлімінің басшысы Т. Өтеген арқылы жұмыс жүргізіледі.

Қабылдау мәселелері бойынша азаматтар 2-17-70 телефонына хабарласуға болады.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі 5, аудан әкімі аппараты ғимаратында өткізіледі.

Барлық өтініш иелеріне заңға сәйкес өз мерзімінде жазбаша жауаптар беріледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Аты-жөні лауазымы Қабылдау күндері Мекен-жайы

БАЗАРХАНОВ

Есім

Сейілханұлы

Аудан әкімі

әр аптаның дүйсенбі,

жұма күндері

сағат 14.30-18.30

Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

ҚАБАЕВ

Арман

Маратұлы

Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

САБЫРБАЕВ

Амандос

Ақышұлы

Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

ЕСЖАНОВ 

Ғазиз

Отарбайұлы

Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

ҚҰСМОЛДИН

Серік

Әділбекұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

 

2019 жылдың 9 айында  аудан бойынша 1240 өтініш, соның ішінде аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 598 өтініш келіп түсті, оның ішінде 524 жеке, 74 заңды тұлғадан.

Қанағаттырылғаны- 243, түсіндірілгені- 347 және 27 өтініш мерзімінде қаралады.

(Мемлекеттік тілде келіп түскен өтініштер саны – 538 және орыс тілінде - 60. «Электронды Үкімет» порталы арқылы 21 өтініш тіркелді.)

Оның ішінде:

жер мәселесі бойынша - 322,

ауылшаруашылық және ветеринария- 12,

құрылыс және архитектура- 27,

жол мәселесі- 1,

тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы - 115,

қаржы, экономика және кәсіпкерлік – 1,

білім саласы- 10,

әлеуметтік сала – 39,

денсаулық және спорт- 6,

мәдениет және тіл саласы- 2,

АХАЖ қызметі- 16,

басқа мәселелер бойынша- 47.

Алматы облысы әкімі аппаратынан орындалуға жіберген 44 өтініш тіркеліп, мерзімдеріне сай қаралуда.

 

Жеке қабылдау

Аудан басшыларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі жылдың басында бекітілген. Яғни, аудан әкімі аптасына 2 рет, дүйсенбі және жұма күндері, әкім орынбасарлары күнделікті аудан тұрғындарын қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі  аудан әкімінің сайтында және баспасөз бетінде жарияланған.

Осы мерзімде 149 азамат аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болды.

Сонымен қатар, 160 тұлға құрылымдық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында болды.

Оның ішінде:  ауылшаруашылық және жер мәселесі бойынша - 114,

қаржы, экономика және кәсіпкерлік – 7,

тұрғын үй, коммуналдық - 76, құрылыс және архитектура- 5, 

білім – 10, әлеуметтік– 72  және 25 өтініш басқа да мәселелерге байланысты екені анықталды.

Азаматтарды қабылдау барысында аудан тұрғындары өздері көтерген көкейкесті мәселелері бойынша толық мағлұмат алып, арыз-шағымдарда орын алған себептер жойылды.

Хабарландыру!
15 Қараша 2019
Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019
Сайт картасы Кері байланыс