USD 360.71
EUR 411.53
RUB 5.38
Погода в Жансугуров °C

Халықпен жұмыс

Азаматтар үндеуін тіркеу реті

Ақсу ауданы әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерімен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы № 221-ІІІ ҚРЗ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес жұмыс жүргізіледі. Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы тізімге сәйкес азаматтарды қабылдауды өткізеді. Азаматтардың қабылдауды ұйымдастыру және өтініштерін қарау жалпы бөлімінің басшысы Т. Өтеген арқылы жұмыс жүргізіледі. Қабылдау мәселелері бойынша азаматтар 2-17-70 телефонына хабарласуға болады. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі 5, аудан әкімі аппараты ғимаратында өткізіледі.

Барлық өтініш иелеріне заңға сәйкес өз мерзімінде жазбаша жауаптар беріледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Аты-жөні лауазымы Қабылдау күндері Мекен-жайы
ДАЛБАҒАЕВ
Әділбек
Егеубекұлы
Аудан әкімі

әр аптаның дүйсенбі күндері

сағат 14.30-18.30

Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
ҚАБАЕВ
Арман
Маратұлы
Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
БАЗАРХАНОВ
Есім
Сейілханұлы
Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
САБЫРБАЕВ Амандос
Ақышұлы
Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
Құсмолдин Серік
Әділбекұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

 

2018 жылдың 6 айында  аудан бойынша 715 өтініш, соның ішінде аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 326 өтініш келіп түсті, оның ішінде 282 жеке, 44 заңды тұлғадан.
Мемлекеттік тілде келіп түскен өтініштер саны – 282 және орыс тілінде -44.
14 өтініш «Электронды Үкімет» порталы арқылы келді.
Оның ішінде:
жер мәселесі бойынша - 205,
ауылшаруашылық және ветеринария- 6,
құрылыс және архитектура- 9,
тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы - 15,
білім саласы- 4,
жас мамандарға көтерме жәрдемақы  төлеу -7,
әлеуметтік сала – 15,
мәдениет және тіл саласы- 4,
АХАЖ қызметі- 15,
басқа мәселелер бойынша- 46.

Алматы облысы әкімі аппаратынан орындалуға жіберген  14 өтініш тіркеліп, мерзімдеріне сай қаралды.
Осы мерзімде 96 азамат аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының, 222 тұлға құрылымдық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында болып, өздері көтерген көкейкесті мәселелері бойынша толық мағлұмат алып, арыз-шағымдарда орын алған себептер жойылды.

 

Ауыл әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Ауыл әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аптасына бір рет, кез – келген уақыттарда  азаматтарды қабылдап келген ауыл әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі. Аудан активінің отырысында аймақ басшысы Далбағаев Әділбек Егеубекұлы осындай тапсырма берді.

- Бұрын азаматтарды аптасының кез – келген күні  белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде сейсенбіден жұмаға дейін күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында  жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша ауыл әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші, - деп атап өтті Әділбек Далбағаев.

 

13 Тамыз 2018
Ашық есік күні

Ақсу аудандық орталық ауруханасының емханасында "ТО Қос Қанат" және СӨС мамандарының ұйымдастыруымен "Ашық есік күні" болып өтті. Сол күні емханаға келген науқастарға кардиолог, терапевтр және СӨС дәрігерлері әңгіме -сұхбат жұргізіп, кеңестер айтылды.

09 Тамыз 2018
Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Ақсу ауданының экономика және бюджетттік жоспарлау бөлімінде 2018 жылдың 2 тамыз күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді бөлім басшысы Жандосова Гүлнара Жандосқызы бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып отырған шараларды баяндап, алдағы мақсаттарымызды айқындады.

 

08 Тамыз 2018
Сайт картасы Кері байланыс