USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Арасан ауылдық округінің Арасан Ауылындағы «Шекара» көшесін қайта атау туралы

ЖОБА

Арасан ауылдық округінің Арасан

Ауылындағы «Шекара» көшесін

қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Арасан ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 16 қыркүйектегі Алматы облысы онамастикалық комиссияның қорытынды негізінде, Ақсу ауданы Арасан ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы «Шекара» көшесін - «Тәтімқожа Уақасов» көшесі деп қайта аталсын.

Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Арасан ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Жатақбаева Сая Нұрсапақызы осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі м.а. Р.Ғалымжанова

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс