USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

ЖОБА Ақсу ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы ЖОБА Ақсу ауданында мүгедектер үшін жұмыс орында

ЖОБА

Ақсу ауданында мүгедектер

үшін жұмыс орындарының

квотасын белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының 9-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдар үшін жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға:

1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекбаланов Қайрат Тынбайұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ә.Далбағаев

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс