USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданында мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жоба

Ақсу ауданында мүгедек

балаларды үйде оқытуға

жұмсалған шығындарды

өтеу мөлшерін және

тәртібін айқындау туралы

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің бұйрығына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 03 қарашадағы «Ақсу

Ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 25 қарашасында № 2925 тіркелген, аудандық «Ақсу өңірі» газетінде 2014 жылдың 06 желтоқсанында №49 (9734) жарияланған) № 35-226 шешімінің күші жойылды деп танылсын

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге

(бұдан әрі – мүгедек балалар) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

Келесі тәртіп айқындалсын:

1) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді «Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

2) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

3) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін алушы келесі құжаттарды:

өтінішті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

психологиялық – медициналық – педагогигалық консультацияның қорытындысы;

«Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақсатн Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылға 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

осы мемлкеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

Құжаттарды тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрлерінде беріледі, одан кейін түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны беру қызмет алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенміхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде: көрсетілетін қызметті берушіде – өтінішті үзбелі талонының негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында құжаттар тізбесінің топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

4) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық – медициналық – педагогигалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, мүгедек баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге тоқсан сайын төленеді.

5) алғаш тағайындалған жағдайда үйде оқытуға жұмсалған шығындары өтеу өтiнiш берген күннен бастап төленеді.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Бюджет және әлеуметтік-мәдениет салаларын дамыту, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәлихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,

мәслихат хатшысы

Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы « » «Ақсу ауданында мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № шешіміне келісім

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу ауданының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы Бекбаланов Қайрат Тыныбайұлы

«____» ___________ 2016 жыл

«Ақсу ауданының

экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы Жандосова Гүлнара Жандосқызы

«____» ___________ 2016 жыл

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс