USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Жоба Ақсу ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы

ЖОБА

Ақсу ауданы бойынша көшпелі

сауданы жүзеге асыру үшін арнайы

бөлінген орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы және «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Қазақстан Республикасы Заңының 8, 27 баптарына сәйкес Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақсу ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Бөлінген алаңдарға сауда жасау үшін рұқсат беретін мемлекеттік мекемелер ауылдық округ әкімдіктері болып танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Базархановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі А.Далбағаев

Ақсу ауданы әкімдігінің

2016 жылғы _____________

«Ақсу ауданы бойынша

көшпелі сауданы жүзеге асыру

үшін арнайы бөлінген орындар

белгілеу туралы»

№___қаулысына қосымша

1.Жансүгіров ауылдық округінің Жансүгіров ауылы, «Долана» базарына қарама-қарсы І. Жансүгіров көшесінің бойынан 200 шаршы метр;

2.Қызылағаш ауылдық округінің Қызылағаш ауылы, «Жәрдем» базарына қарама-қарсы Жібек жолы көшесінің бойынан 200 шаршы метр;

3.Матай ауылдық округінің, Матай ауылы, темір жол бекетінің жанында Айтқали Қисабек көшесінің бойынан 200 шаршы метр;

4.Қапал ауылдық округінің, Қапал ауылы, «Алатау» дүкенінің алдында Әл Фараби көшесінің маңында 150 шаршы метр.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс