USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 20017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5- тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

1. Ақсу ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексіннің (Салық кодексі) 503, 704-баптарында белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. «Ақсу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуіріндегі № 3-14 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3852 тіркелген, 2016 жылғы 10 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық-экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіліді.

 

 

Ақсу аудандық Ақсу аудандық

мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы

 

____________ Г. Сейсебаев ___________ Б. Сулейменов

Дата редактирования: 27 Қараша 2018 16:40
Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс