USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

ЖОБА

Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерге жер салығының және

бірыңғай жер салығының

мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2. Ақсу аудандық мәслихатының аппарат басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық-экологиялық кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақсу аудандық мәслихатының Ақсу аудандық

сессия төрағасы мәслихат хатшысы

_______________Ғ. Мұсабаланов ____________Б. Сүлейменов

Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы «Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № шешіміне келісім.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу ауданының жер

қатынастары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

Қайрат

Тілеуханұлы

Бекбатыров

2016 жыл

«Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігінің Мемлекеттік кірістер

комитеті Алматы облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Айгүл Саятқызы

Желдібаева

2016 жыл

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс