USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ЖОБА

Ақсу ауданы бойынша

қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 5) тармақшасына және

20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақсу ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2.Қосымшаға сәйкес Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

3. Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы «Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 19 маусымдағы №2754 болып тіркелген, «Ақсу өңірі» газетінің 2014 жылғы 19 шілдесіндегі № 29(9714) жарияланған) № 179 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ә.Далбағаев

Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы « __»_______ «Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №__қаулысына келісім

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу ауданының жұмыспен қамту Бекбаланов Қайрат

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Тынбайұлы

мемлекеттік мекемесінің басшысы «____»___________2016ж.

«Ақсу ауданының жұмыспен қамту Құрманғалиева Баян

орталығы» мемлекеттік Дәулеткелдіқызы

мекемесінің директоры «____»___________2016ж.

«Ақсу ауданының экономика және Жандосова Гүлнара

бюджеттік жоспарлау бөлімі» Жандосқызы

мемлекеттік мекемесінің басшысы «____»___________2016ж.

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс