USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА



«Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы

11 тамыздағы «Ақсу ауданының білім

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № 305

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 8) тармақшасына,Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» №410 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына,Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабынасәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Ақсу ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015жылдың16 қыркүйегінде3426 нөміріментіркелген, «Ақсу өңірі» газетінде 2015 жылдың 25 желтоқсанында №52(9788) жарияланған) №305 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасының 25-тармағының 11)тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

Ақсу ауданының білім бөлімі «Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

аталған қаулының қосымшасының 25-тармағының 15)тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

Ақсу ауданының білім бөлімі «Шоқан Уалиханов атындағы негізгі орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

аталған қаулының қосымшасының 25-тармағының 19)тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

Ақсу ауданының білім бөлімі «Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен ГЭС,Қызылқайын бастауыш мектептерін қосқанда»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

аталған қаулының қосымшасының 25-тармағының 20)тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

Ақсу ауданының білім бөлімі «Кұдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

аталған қаулының қосымшасының 25-тармағының 25) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

Ақсу ауданының білім бөлімі «Алажиде негізгі орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

аталған қаулының қосымшасының25-тармағының28)тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

Ақсу ауданының білім бөлімі «Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

аталған қаулының қосымшасының 25-тармағының 29)тармақшасы алынып тасталсын.

2. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейфилмәлікұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сәбит Бейсебекұлы Қорғанбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ә. Далбағаев



Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс