USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
Погода в Жансугуров °C

Арасан ауылдық округіндегі Бейбітшілік, Сад, Арық, Жансүгір көшесі №39-дан №50-ге көшелерін қайта атау туралы

ЖОБА

АРАСАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ

ШЕШІМІ

Арасан ауылы

Арасан ауылдық округіндегі Бейбітшілік,

Сад, Арық, Жансүгір көшесі №39-дан

№50-ге көшелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Арасан аулының халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы облысы онамастикалық комиссияның қорытынды негізінде, Ақсу ауданы Арасан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы «Бейбітшілік» көшесі «Оразбаев Қожахмет» көшесі, «Сад» көшесі «Муртазин Арыслан Нұрахметұлы» көшесі, «Арық» көшесі «Нұртай Жатқанбайұлы» көшесі және «Жансүгір» көшесі №39-дан №50-ге дейін «Ыдырысов Қызайхан» көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Арасан ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Жатакбаева Сая Нурсапановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернетресурста және әкімдіктің интернетресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі Н.Колдейбаев

Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақсу ауданның білім бөлімі» ММ, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 5, «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

   Бос орын:  «Ақсу ауданының білім бөлімінің «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

17 Қазан 2019
Хабарлама

2019 жылы 17 қазан күні сағат 12:55-де. Ақсу ауданында орналасқан құлақтандыру жүйесі тексеріс мақсатында электродабылдарды 30 секундқа іске қосылады (орта. және жергілікті іске қосу).

14 Қазан 2019
Сайт картасы Кері байланыс