USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Арасан ауылдық округіндегі Бейбітшілік, Сад, Арық, Жансүгір көшесі №39-дан №50-ге көшелерін қайта атау туралы

ЖОБА

АРАСАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ

ШЕШІМІ

Арасан ауылы

Арасан ауылдық округіндегі Бейбітшілік,

Сад, Арық, Жансүгір көшесі №39-дан

№50-ге көшелерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Арасан аулының халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы облысы онамастикалық комиссияның қорытынды негізінде, Ақсу ауданы Арасан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Арасан ауылдық округінің Арасан ауылындағы «Бейбітшілік» көшесі «Оразбаев Қожахмет» көшесі, «Сад» көшесі «Муртазин Арыслан Нұрахметұлы» көшесі, «Арық» көшесі «Нұртай Жатқанбайұлы» көшесі және «Жансүгір» көшесі №39-дан №50-ге дейін «Ыдырысов Қызайхан» көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Арасан ауылдық округі әкімшілігі аппаратының бас маманы Жатакбаева Сая Нурсапановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернетресурста және әкімдіктің интернетресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі Н.Колдейбаев

Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019
Сайт картасы Кері байланыс