USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы


Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының

шекарасын (шегін) өзгерту туралы




2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Ақсу ауданының Қызылағаш ауылдық округіндегі Қызылағаш ауылының шекарасы (шегі) 77,6 гектарға өзгертіліп, Қызылағаш ауылының жаңа шекарасы жалпы көлемі 347,6 гектар болып белгіленсін.

2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін.

4. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.


Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы Аудан әкімі

________________ ___________________ ____________________

Б. Сүлейменов C. Серпербаев Ә. Далбағаев

«Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» бірлескен Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 44-274 шешімі мен Ақсу ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 376 қаулысына келісім


«КЕЛІСІЛДІ»


«Ақсу аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Мәулен Бүркітқалиұлы

Жұмағалиев

2« » 2015 жыл

Ақсу ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Нұрлан Қомарұлы

Мырзеков

« » 2015жыл

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс