USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ге жер салығының базалық мөлшерлемесін және жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы

Жоба


АҚСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ

Жансүгіров ауылы № « » 2015 жыл

Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
ге жер салығының базалық мөлшерлемесін
және жер салығының бірыңғай салық
мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақсу аудандық мәслихатының
сессия төрағасы _________Б.Сулейменов
Ақсу аудандық мәслихатының
хатшысы ________ С.Серпербаев

Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы « » № «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы» шешіміне келісім парағы

«КЕЛІСІЛДІ»
Ақсу ауданының жер қатынастар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Жұмағалиев Маулен Бүркітқалиұлы
« » 2015 жыл

Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы
Байсаринов Айтқали Сейітқалиұлы
« » 2015 жыл

«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс