USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданының, Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жоба


Ақсу ауданының, Қызылағаш ауылының
шекарасын (шегін) өзгерту туралы


Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Ақсу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауданының Қызылағаш ауылының шекарасы (шегі) ұсынылған жағдайлық сызбаға сәйкес өзгертілсін:
1) Қызылағаш ауылдық округі бойынша Қызылағаш ауылына жалпы көлемі 77,6 гектар, басқа жер телімдерінің санаты елді мекен жеріне ауыстырылып, Қызылағаш ауылының жаңа көлемдегі жалпы алаңы 347,6 гектар жер өзгертілген шекарасы белгіленсін.
2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.


Мәслихат хатшысы Аудан әкімі
_______________ С. Серпербаев _______________ Ә. Далбағаев

Аудандық мәслихаттың кезекті 42 сессиясының төрағасы
_______________ Ә. Байтумаков

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс