USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Елубаева Айна Шегеқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындалған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ә.Далбағаев


Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

№ _____ қаулысымен бекітілген қосымша


«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3.а «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6.а «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. .«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 040100 Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 6 «А».
10. Мемлекеттiк органның толық атауы- «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
11. Осы Ереже «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.а«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатын және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру.
15. Мiндеттерi:
1) мәдениет әрі мәдени қарым-қатынастар мәселелері бойынша аудандық, өңірлік және басқа қатынастарды ұйымдастырып атқару;
2) жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет актілерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы, жай-күйін тексеруді жүзеге асыруға;
3) аудан әкіміне мәдениет мекемелерінің жүйесін әрі қарай дамыту және тіл саясаты аясындағы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;
4) мәдениет және тіл саясатын іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламалардың қаржыландырылуы үшін бақылауды жүзеге асыруға;
16. Функциялары:
1. Бөлімнің функциялары:

1) аудан аумағында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі бақылауды жүзеге асыру;
2) мемлекеттік мәдениет және тіл саясаты жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру;
3) театр, мәдениет үйлері, мұражай, клуб, кітапхана жұмыстарын жетілдіру, олардың материалдық-техникалық жағдайын қаржыландыруына жәрдем ету;
4) аудандағы мәдениет мекемелерінің этно-мәдени бірлестіктермен, басқа да мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс істеуді ұйымдастыру;
5) жүргізіліп отырған мемлекеттік мәдениет және тіл саясаты мен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде кешенді шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және іске асыру;
6) қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізу бөлігінде тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, білім және мәдениет мекемелеріне, тұрғындарға қызмет көрсетудің түрлі салаларына, құқық қорғау органдарына іс-тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсету, тұрғындардың түрлі жастағы топтарын қазақ тілінде оқытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
7) тіл туралы заңнама талаптарын бұзушыларды жазалау жайында ұсынымдар беру, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» ҚР Заңының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларға әкімшілік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) мәдениет саласына жаңа құрылымдар енгізу, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
10) бөлімнің құзырындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа
нысандағы мекемелермен хат-хабар алмасу;
11) мекеме құзырына кіретін комиссия жұмыстарын үйлестіру.
2. Ұйымдардың функциялары:
-аудан тұрғындарының мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру;
-халық шығармашылығы, музыка, ұлттық қолданбалы өнердің негізгі бағыттары мен жанрларын дамытуды қамтамасыз ету;
-халық шығармашылығын дамытуға байланысты фестивальдар, конкурстар, семинарлар, байқаулар, әуесқой суретшілер мен қолданбалы декоративтік өнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастыру;
-халыққа көрсетілетін ақылы қызметті кеңінен дамыту;
-кино, бейне-салондар, дискобарлар, компьютерлік техника залдарын, салтанатты кеш жүргізу, отбасымен демалу орындарын, көркемдік және техникалық шығармашылық шеберханаларын, театр, студия ашу жұмыстары;

-халыққа кітапханалық-библиографиялық анықтамалық қызмет көрсету;
-аудандық, ауылдық кітапханалар ақпараттық білім беру және мәдени-тынығу жұмыстарын жетілдіру, ұлттық мәдениетті, тілді және өнерді жаңа экономикалық жағдайда іске асыру.
-тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру
-нәтижелі түрде кітап қорын сақтап, іріктеп, жинақтап дұрыс пайдалануын қадағалау;
-кітап көрмелерін, оқырман конференциясын, әдеби кештерді, библиографиялық шолуларды және мәдени шараларды ұйымдастырып, әдебиеттерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
-Бөлімге айлық, тоқсандық, жылдық және қаржылық есептерін тапсыру.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1. Мәдени ғимараттарды салу, жаңғырту, қайта жаңарту мәселелерін бақылап әрі үйлестіріп, мәдени саланың маңызды бағыттарын анықтау және тарихи мәдени мұрасын сақтап, дамуына жәрдем ету;
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық мекемелерде, ведомстволарда, сондай-ақ меншік нысанына байланысты тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасының тіл туралы» ҚР Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың жай-күйін зерделеуге;
3. Тілдік заңнаманың орындалуы мәселелерінде басқа да мемлекеттік мекемелермен бірлесіп іс-қимыл жасауға;
4. Мәдениет және тіл саясатының мәселелері жөнінде семинарлар, мәжілістер, конференциялар ұйымдастыруға, облыстық және республикалық деңгейлердегі түрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық бірлестіктердің форумдарына қатысуына;
5. Мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан мәдениет және тіл саясатының мәселелері жөнінде ақпараттарды, қажетті мәліметтерді және анықтамаларды сұратып алуға, мәдениет, тілдер туралы заңнаманың дұрыс қолдануы жөнінде түсініктемелер беруге, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
6. Өзінің ақпараттық-анықтамалық бюллетендерін, плакаттарын, әдістемелік материалдарын басып шығаруға;
7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен бөлімнің құзырына жататын қызметтік хат-хабарлар жазысып тұруға;
8. Белгіленген тәртіп бойынша тұрғындардың хаттары мен арыздарын қарауға, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға құқығы бар;
9. Бөлімнің өз құзіреті ішінде филиалдар мен өкілдіктерін ашуға құқығы бар;
10. Бөлімнің құзырындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа нысандағы мекемелермен хат-хабар алмасу;

11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

18. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты, жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
19.а «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімдігі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандары болады.
21. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
Бұйрықтар шығарады және қол қояды;
Бөлімге қарасты мекемелер мен басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасап, үйлестіріп отырады;
Ұйымдастыру шараларын, құқықтық, консультативтік, материалдық-техникалық дайындықты және бөлім жиынын өткізуді қамтамасыз етеді;
Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және жүзеге асырылуына тікелей жауапты;
Аудан әкіміне бекітілген шығын сметаларына сәйкес мекеменің штаттық кестесін бекітуге ұсынады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мекемеге карасты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысына басшылық жасайды, басшыларын лауазымына тағайындайды және босатады;
Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
Мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
Мекемеге қатысты құжаттарды және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мекеме қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады;
Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың жүзеге асырылуына дербес жауап береді;
Мекеменің құзырындағы аудан әкімінің, жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілерін, бағдарлама жобаларын және басқа да құжаттардың орындалуына бақылау жүргізеді;
Мекеменің құзырындағы сұрақтар бойынша есептік баяндамалардың дайындалуына бақылау жүргізеді;
Мекеменің жылдық стратегиялық жоспарының орындалуын үйлестіреді;
Мекеменің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есепшоттарды ашып, жабуды, олармен операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
Мәдениет және тілдерді дамыту бағыты бойынша іс-тәжірибелік, әдістемелік материалдар шығаруға қатысады;
Бағдарламалар мен жоспарлар аясында атаулы шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Өз құзырына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз қызметкерлерінің өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

24.а «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25.а «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27.а«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны;
2) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Ақын Сара атындағы мәдениет үйі;
3) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Қапал ауылдық мәдениет үйі;
4) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Қызылағаш ауылдық мәдениет үйі;
5) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Сағабүйен ауылдық мәдениет үйі;
6) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Молалы ауылдық мәдениет үйі;
7) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Жаңалық ауылдық мәдениет үйі;
8) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Көкөзек ауылдық мәдениет үйі;
9) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Суықсай ауылдық мәдениет үйі;
10) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Арасан ауылдық мәдениет үйі;
11) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Көшкентал ауылдық мәдениет үйі;
12) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Егінсу ауылдық клубы;
13) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Ащыбұлақ ауылдық клубы;
14) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Ойтоған ауылдық клубы;
15) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Ақсу ауылдық клубы;
16) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Б.Сырттанов ауылдық клубы;
17) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Есеболатов ауылдық клубы;
18) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Кеңқарын ауылдық клубы;
19) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Қызылжар ауылдық клубы;
20) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Қарасу ауылдық клубы;
21) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Матай ауылдық клубы;
22) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Молықбай Байсақұлы атындағы Ақсу аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорнының Құрақсу ауылдық клубы;
23) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Аудандық балалар кітапханасы;
25) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ойтоған ауылдық кітапханасы;
26) «Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Матай ауылдық кітапханасы;
27) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қызылағаш ауылдық кітапханасы;
28) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Суықсай ауылдық кітапханасы;
29) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арасан ауылдық кітапханасы;
30) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көшкентал ауылдық кітапханасы;
31) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қапал ауылдық кітапханасы;
32) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Есеболатов ауылдық кітапханасы;
33) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Б.Сырттанов ауылдық кітапханасы;
34) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ақсу ауылдық кітапханасы;
35) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қаракөз ауылдық кітапханасы;
36) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кеңжыра ауылдық кітапханасы;
37) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарашілік ауылдық кітапханасы;
38) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңалық кітапханасы;
39) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Молалы ауылдық кітапханасы;
40) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Егінсу ауылдық кітапханасы;
41) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Құрақсу ауылдық кітапханасы;
42) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көкөзек ауылдық кітапханасы;
43) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сағабүйен ауылдық кітапханасы;
44) Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Ақсу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қопа ауылдық кітапханасы.

«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс