USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Ақсу ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы
2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Досмұхамбетов Асхат Сейденұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернат- ресурста және аудан әкімдігінің интернет- ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Ә. Далбағаев

Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы»

№ _____ қаулысымен бекітілген қосымша


«Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже


1. Жалпы ережелер

1. « Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров, Желтоқсан көшесі, № 5 А.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.


2. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) білім саласындағы мемлекет саясатын аудан аумағында жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңдарын, білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім берудің мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
2) тұлғаның рухани және дене өсуінің мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік және ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, зияткерлігін байыту арқылы тұлғалық дамуына жағдай жасау бойынша мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру;
3) аудандық оқу орындары қызметінің бағыты жоғары азаматтықпен полимәдениетті тұлғаны, қазақстандық патриотизмді, тұлғаның отбасы, халық, қоғам мен мемлекет алдындағы құқығы мен міндеттер сезінуге, эстетикалық тәрбиеге бағытталған шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу;
4) қазақ халқының, сондай-ақ ауданда тұрып жатқан басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеу үшін жағдай жасау;
5) әскер қатарына шақырылатын жастардың психологиялық және дене дайындығы жүктемесінің төзімділігін арттыру мақсатында спортпен шұғылдандыру қамтамасыз ету;
6) семинарлар және басқа да оқу түрлерін, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және өткізу.
14. Міндеттері:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерін басқарады;
2) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;
3) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыруға, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастыруға қатысады;
4) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз құзыреті шегінде жүргізіп отырады;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орта білім беру, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, мектептен тыс мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;
6) мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық мағлұматтарды беріп отырады;
7) аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;
8) білім берудің басқару жүйесінің білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
10) білім беру мекемелерінде мемлекеттік аралық бақылауды өткізуді ұйымдастырады;
11) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
12) оқу-әдістемелік жұмысты жүргізуді үйлестіреді және басшылықты жүзеге асырады;
13) білім мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
14) жергілікті маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
15) жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды өткізуді ұйымдастырады;
16) ведомстволық бағынысты мекемелерде белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы үшін міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
18) аудан тұрғындарына жалпы орта білім алу үшін теңдей мүмкіншілік жасайды.
15. Функциялары:
1) мүлікті коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітіп береді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын анықтайды;
5) коммуналдық мемлекеттік мекемеге жауапты басшысының міндеттерін, құқықтарын және оны атқаратын лауазымынан босату негізін анықтайды;
6) жылдық қаржылық есептерді бекітеді;
7) заңнамамен белгіленген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға құқылы;
2) өз құзыретінің шегінде білім мекемелерінен, жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ресми түрде құжаттар мен ақпараттарды сұрауға және алуға құқылы;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білім мекемелердің жұмысын реттейді;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстылықтағы білім мекемелері басшыларының жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;
5) аудандық сотпен, аудандық тұрғындарды еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімімен, аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен, кәмелетке толмаған балалар жөніндегі инспекциямен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды қорғаншылық пен қамқоршылыққа алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыстар атқарады.


3. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшысы жүзеге асырады.
18. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
20. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;
4) банктік есепшоттар ашады, келісімдер жасайды;
5) барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
6) ұмыскерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады;
7) заңнамаға сәйкес бағыныстылықтағы мекемелердің директорларын және меңгерушілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
8) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;
9) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзіне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін мемлекеттік сатып алулардың әкімшісі ретінде шығады;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережемен өзіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
«Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.


«Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

22. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


6.«Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. Ақсу ауданы әкімдігінің «Қарлығаш балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2. Ақсу ауданы әкімдігінің «Бөбек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3. Ақсу ауданы әкімдігінің «Ай-Жұлдыз балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4. Ақсу ауданы әкімдігінің «Кәусар балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5. Ақсу ауданы әкімдігінің «Нұршуақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6. Ақсу ауданы әкімдігінің «Таң-Шолпан балбақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7. Ақсу ауданы әкімдігінің «Күншуақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. Ақсу ауданының білім бөлімі «Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. Ақсу ауданының білім бөлімі «Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. Ақсу ауданының білім бөлімі «Мамания орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өнім бастауыш мектебін қосқанда;
12. Ақсу ауданының білім бөлімі, «Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда;
13. Ақсу ауданының білім бөлімі «Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. Ақсу ауданының білім бөлімі «Жансүгіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. Ақсу ауданының білім бөлім «Матай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. Ақсу ауданының білім бөлімі «Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. Ақсу ауданының білім бөлімі «Кеңжыра орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. Ақсу ауданының білім бөлімі «Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. Ақсу ауданының білім бөлімі «Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. Ақсу ауданының білім бөлімі «Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шолақөзек бастауыш мектебін қосқанда;
22. Ақсу ауданының білім бөлімі «Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24. Ақсу ауданының білім бөлімі «Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25. Ақсу ауданының білім бөлімі «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26. Ақсу ауданының білім бөлімі «Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ГЭС бастауыш мектебін қосқанда;
27. Ақсу ауданының білім бөлімі «Құдаш Мұқашев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28. Ақсу ауданының білім бөлімі «Юрий Гагарин атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе, Баласаз бастауыш мектебін қосқанда;
29. Ақсу ауданының білім бөлімі «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30. Ақсу ауданының білім бөлімі «Көшкентал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31. Ақсу ауданының білім бөлімі «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32. Ақсу ауданының білім бөлімі «Алажиде орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қарашілік орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34. Ақсу ауданының білім бөлімі «Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35. Ақсу ауданының білім бөлімі «Мұхтар Ауезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қызылқайың орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37. Ақсу ауданының білім бөлімі «Кенғарын орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38. Ақсу ауданының білім бөлімі «Көлтабан орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39. Ақсу ауданының білім бөлімі «Тарас орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қызылағаш орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41. Ақсу ауданының білім бөлімі «Қарасу орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42. Ақсу ауданының білім бөлімі «Сағакүрес орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43. Ақсу ауданы әкімдігінің «Сағабүйен балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
44. Исатай Исабаев атындағы Ақсу ауданы әкімдігінің «Өнер мектебі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс