USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттікмекемесінің Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихаты аппаратының басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына жүктелсін. 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың сессиясының төрағасы хатшысы ___________Т. Баулыбаев ___________С. Серпербаев

Аксу аудандық мәслихатының 2015 жылғы «27» сәуірдегі «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 40-249 шешіміне қосымша «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. 3. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Аксу ауданы, Жансүгір ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 13. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 14. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету. 15. Міндеттері: 1) аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету; 2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. 16. Функциялары: 1) аудандық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету; 2) аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу; 3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету; 4) нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну. 17. Құқықтары мен міндеттері: 1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға аудандық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік - әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету; 2) аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы. 3. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру 18. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады. 19. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. 20. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ. 21. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкілеттігі: 1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды; 3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады; 7) әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi; 12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 22. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады. 4. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi 23. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 24. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. 25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату 26. «Аксу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс