USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

1996 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Үкиметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №859 қаулысына сәйкес, ер азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу, әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бойынша алдын ала бөлуді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізу және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіретін адамдарды анықтау мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2013 жылдың қаңтар – наурыз айларында 1996 жылы туылған ер жынысты азаматтарды Ақсу ауданы, Жансүгір поселкесі, Буланова көшесі, №1 мекен жайында орналасқан «Алматы облысы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Поселкелік, ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде «Алматы обылысының Ақсу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. Ақсу ауданы әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіндеге тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамассыз ету туралы» №5 (Ақсу аудандық Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 09 қаңтарда тіркелген номері 2-4-144, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2012 жылғы 28 қаңтардағы №5/9587 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі


Аудан әкімі Ә. Дүйсембаев

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс