USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы


ЖОБА


«Ақсу ауданының жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Жұмағалиев Маулен Бүркітқалиұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Қорғанбаев


Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, индекс 040100 Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің құрылтайшысы –аудан әкімі болып табылады.
Егер «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Ақсу ауданының жер ресурстарын басқару саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу және жер қатынастарын реттеу.
14. Міндеттері:
1) жер беру және оларды мақсатты бағыттарын өзгерту жөніндегі Ақсу ауданы әкімдігі қаулыларының жобалары мен ұсыныстарын дайындау;
2) жерге орналастыру жургізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
3) ауданның жерлерін ұйымдық пайдалану жөніндегі бағдарламалардың (жобалардың, сызбалардың) және жерлерді аймақтандырудың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
4) елді – мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналасу жоспарларын жасауды ұйымдастыруды;
5) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Ақсу ауданы әкімдігінің рұқсатын беру туралы ұсыныстар дайындау;
6) мемлекеттің қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;
7) ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін бір түрінен басқасына аудару туралы ұсыныстар мен әкімдігі шешімдерінің жобаларын дайындау;
8) жер учаскелерін бөлінетіндегін және бөлінбейтіндігін анықтау;
9) жер саудасын (аукциондар, байқаулар өткізуді ұйымдастыру)
15. Функциялары:
1) жер пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларды,сызбаларды және жобаларды сараптамадан өткізу;
2) барлық жер туралы есеп жасау және олардың санаттары, жер учаскелерінің иелері бойынша бөлу;
3) мемлекеттен жеке меншікке сатылып берілетін нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құнын бекіту;
4) жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың және жер қатынастары саласындағы басқа да субъектілердің есебін жүргізу;
5) сатып алу – сату келісім – шарттары мен жер учаскесін жалға беру жөніндегі келісім - шарттарды жасау;
6) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру;
7) қараусыз қалған жер учаскелерін есепке алу
8) ауданның жер қатынастары бөлімінің ресми сайтын жер қатынастары бөлімінің қызметі жөніндегі ақпаратпен толықтыру және оның бөліктерінің жұмысын қамтамасыз ету;
16. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерлерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар талап ету және алу;
2) Ақсу ауданы әкімдігінің қарауына заң актілерімен қарастырылған негіздерде жер учаскелеріне меншіктік құқықтарымен жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
3) жер заңнамаларына қайшы келетін жергілікті мемлекеттік басқару органдары шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
4) жер учаскесіне құқық беретін, құқықтығын растайтын құжаттарды рәсімдеуді тоқтату және қолданыстағы заңдылықтардың бұзылуын жою туралы ұсыныстар енгізу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты, «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын, Алматы облысының жер қатынастары басқармасы басшысының келісімімен Ақсу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) қызметкерлердің міндеттерін, жауапкершілігін және өкілдіктерін белгілейді;
2) жер қатынастары бөлімі қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
4) бөлімнің атынан Бөлім актілеріне және басқа құжаттарға қол қояды;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімді сенімхатсыз ұсынады;
6) келісім – шарттар жасайды;
7) сенімхаттар береді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес өзге де міндеттерді орындайды;
9) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдап, жемқорлыққа қарсы қолдануға тікелей жауапкершілік тартады.
«Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақсу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Бөлімнің жұмыс кестесі

• Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
• Жұмыс уақыты: 9.00-18.30;
• Үзіліс уақыты: 13.00-14.30;
• Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.


Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс