USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.« Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. «Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мейрембеков Бөлек Қадиярұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Қорғанбаев


Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы «___» ___________

«Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша



«Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы бөлім

1. «Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық нысандардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір ауылы, Желтоқсан көшесі, 5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - . «Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Ақсу ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. Бөлімнің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
16. Бөлімнің міндеттері:
1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қаупсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету;
2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базасын өркендету;
5) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету.
17. Бөлімнің қызметі:
1) бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;
3) Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
4) Ақсу ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
5) Ақсу ауданының аумағында ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
6) спорттық разрядтарды тапсырады: 2 разрядтты спортшы, 3 разрядтты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтты спортшы;
7) спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта,екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады;
9) Ақсу ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған, Ақсу ауданының аумағында нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету бойынша облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады;
11) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді;
12) арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медицинамен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
13) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
14) Ақсу ауданының аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
15) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
16) ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген, өзге өкілеттіліктерге жергілікті мемлекеттік басқару іске асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсынуға;
2) Бөлім құзыреті шеңберіндегі мәселелерді бірлесіп қарастыруға және атқару үшін ауданныңжергілікті атқару органдарының бөлімдері қызметкерлерін еліктіруге;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орнатылған тәртіппен кеңес өткізуге;
4) өз қызметін атқару үшін қажетті ақпаратты азаматтардан, ұйымдардан және оның басшыларынан, өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған құзыреті шеңберінде сұрауға құқылы.
Бөлім:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
2) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты және материалдарды ұсынуға;
3) Бөлім құзыретіне кіретін өзге міндеттерді орындауға міндетті.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. Бөлім басшысын Ақсу ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
6) Ақсу ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжирбиелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыртын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы тиісті.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікжәне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органның ведомстваларындағы тұйымдартың тізімі

1) «Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсу ауданының балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс