USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

"Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА

"Ақсу ауданының ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жақыпбеков Әділхан Оразұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Қорғанбаев


ЖОБА

Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы» № _____
қаулысымен бекітілген қосымша


«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.«Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволары жоқ.
3.«Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.«Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

3
8. «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі,№5 д үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13.«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілері мен «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.«Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Ауданның агроөнеркәсiптiк кешенiн және ауылдық аумақтарда ауыл шаруашылықты дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру.
15.Міндеттері:
Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құру, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдау, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту және техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету.
16.Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
3) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне)
4
беру;
4) ауданда азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкiмдiгіне) есептілік ұсыну;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
8) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
9) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде «Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17.Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізуге;
3) заңнамаға сәйкес «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.
3. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19.«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақсу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

5
20.«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;
2) «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіліктерді бөлуді жүзеге асырады;
3) «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза салу шараларын қолданады;
4)«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдар алдында «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
6) «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;
7) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22.«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
23. Ақсу ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс күні 9.00-де басталады және 18.30-ге дейін созылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.
4. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін де заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік ,сондай-ақ өз қызметті нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
6
қалыптастырылады.
25. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс