USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Ақсу ауданының құрылыс бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушы Жакупов Серікқан Амангельдіұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Қорғанбаев


Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданының құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) аудан аумағында құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақсу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Бөлімнің миссиясымен әкімі қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттін конституциялық негізінде жүзеге асырылатын және өзге деміндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған болып табылады.
15. Міндеттері:
Құрылыс қызметі (бұдан әрі-құрылыс) - жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту кеңейту, жаңғырту техникамен қайта жарақтандыру, реконстукциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдармен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын конвервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет;
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
Аудан аумағында құрылыс коммуналдық қызметін мемлекеттік реттеу, тәсілдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылыс саласындағы өз құзырларына сәйкес қабылдайтын шешімдеріне ұсыныстар мен негіздемелер, басқа да құжаттар әзірлеу.
ҚР Үкіметі бекіткен құжаттардан басқа аудан аумағында салынатын құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттарын қарау, келісу, бекіту.
Аудан аумағында салынатын және мемлекеттік қаражаттан, мемлекеттік
кепілдікпен қамтылған шетелдік инвестициядан қаржыландырылған объектілерді тіркеуге, рәсімдеуге қатысу.
Мемлекет есебінен, инвестициялық несиеден қаржыландырылатын құрылыс құжаттарын дайындау, объектілердің құрылысын жүргізу, тендерлерін ұйымдастыру және өткізу.
Құрылысы аяқталған азаматтық- тұрғын- үй, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдап алу мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу.
Мердігерлік келісім-шартты жасау.
Жасалған келісім-шартқа сәйкес тауар сатып алу, жасалған жұмысты, қызметті қаржыландыру.
Мердігерлер мен жасалған келісім – шарт міндеттерін қамтамасыздандыру орындау.
Салынған объектілерді пайдалануға алу жұмысын ұйымдастыру.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша хаттары мен өтініштерін қарау.
ҚР заңнамаларына сәйкес бөлімге жүктелен басқада қызметтерді жүзеге асыру.

16.Функциялары:
1) заңнамамен белгiленген тәртiппен банктерден шоттар ашуға;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері;
3) Оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
4) Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
5) Сотта талап қоюшы және жауапкер болуға ;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бөлімнің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

2) Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
2) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) барлық органдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;
4) өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
5) келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
6) банктерде есепшоттар ашадыжәне келісімдер жасайды;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
8) қызметкерге марапаттау шараларын қолданады және тәртіптік жаза шараларын салады;
9) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің іс-шаралар жоспарын бекітеді;
10) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлім басшысы басқарады.
4. Бөлімнің мүлкі

22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


6. Бөлімнің жұмысының кестесі

Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма;
Жұмыс уақыты: 9.00 - 18-30;
Үзіліс уақыты: 13.00 - 14.30;
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс