USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Бөлім басшысы Құсмолдин Серік Әділбекұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің м. а. С.Қорғанбаев


Қазақстан Республикасы
Алматы облысы
Ақсу ауданының
Әкімдігінің
2015 жылғы «___» ______
№ ____ қаулысымен
«БЕКІТІЛДІ»

«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер

1. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Ақсу ауданының әкімдігі болып табылады.
5. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров поселкесі, Желтоқсан көшесі №5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение «Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог Аксуского района».
11. Осы Ереже «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлім қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Жол және көлік кешендері саласында бірыңғай техникалық және экономикалық саясатты жүзеге асыру.
15. Негізгі міндеттер:
1).әрбір селолық округ бойынша жолдың жағдайына, көлікпен қызмет көрсетуге талдау жүргізу, жол және көлік кешендерін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2). жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және ондағы қондырғыларды ұстауға, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаржының тиімді және мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз ету;
3). автомобиль жолдары мен оның қондырғыларының қауіпсіз және үздіксіз жүріс қозғалысын қамтамасыз ететін жағдайда ұстау, техникалық және көлік пайдалану деңгейін деңгейін арттыру, автомобиль жолдары желісі мен оның қондырғыларын дамыту;
4). Аудан тұрғындарына жолаушы көлігімен сапалы қызмет көрсету, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалдау рыногында жұмыс істеп жатқан көлік ұйымдары мен жеке автокөлік иелері қызметтерінің құқықтық және экономикалық шарттарын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды зерделеумен енгізу;
5). Жолаушылар тасымалдау саласында қызмет көрсететін ұйымдарды, мекемелерді мемлекеттік басқару;
6). Жол және көлік кешендері саласындағы қатынастарды реттейтін заң және басқа да актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
7). Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
8). Жол және көлік кешендері мәселелері жөнінде облыстың басқа аудандары мен қалаларының тиісті құрылымдық бөлімшелерімен өзара іскер қарым-қатынас орнату.
16.Функциялары:
1). автокөлік жолдары мен көлік кешенін дамытуға арналған мақсатты бағдарламаларды, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
2). жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру;
3). Бөлінген белдеудегі сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да сервистік объектілерінің, сондай-ақ олардың жарнамаларының орналастырылуына келісу;
4). жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылауды, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде талап етілетін сапаны қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5). қолданыстағы заңдарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады;
6). жол қозғалысына қатысушылардың жол жүру ережелерін, ауданның жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау;
7). Мемлекеттік жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісіне және оның қондырғыларына басшылықта жүзеге асыру;
8). Жолдар және оның қондырғылары, техникалық тексеру, сынау мен паспорттандыруды қосқандағы жағдайын қадағалауды жүзеге асыру;
9). Ауданның жергілікті мәні бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту, жұмылдыруға дайындық және төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
10). Қатыстырылған мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың автомобиль жолдарын салуға, жөндеуге және ұстауға байланысты атқаратын жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне мемлекттік бақылауды үйлестіру және жүзеге асыру;
11). Аудандық маңызы бар, жалпы ортақ пайдалынымдағы автомобиль жолдарының желісін, елді мекендердің көше жолдарын басқару;
12). Мердігер ұйымдардың автомобиль жолдарын қыста және жазда ұстау шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
13). Автомобиль жолдары бойынша көлік пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігін сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында, жол бойындағы қызмет көрсету объектілері мен жол бойы телімдеріне жапсарлас аумақтардың техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;
14). Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес статистикалық, бухгалтерлік және жедел есеп жүргізуді жүзеге асыру;
15). Жүктелген міндеттерді шеші мақсатында меншік иесі өткізіп берген мүлікке жедел басшылық етуді жүзеге асыру;
16). Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәселелерді қарау және өз құзыретінде шешу;
17). Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (ауданішілік, қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;
18). Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (ауданішілік, қалааралық) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
19). Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық, қалааралық автомобильдермен тасымалдау маршруттарымен және қозғалыс кестелерімен келісу;
20). Автостанциялардың тізілімін жүргізу;
21).Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (ауданішілік, қалааралық) тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
22). Шалғай елді мекендерде тұратын жалпы білім беру мектептеріне тасымалдаудың сызбасы мен тәртібін белгілеу;
23). Жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
24). Жолаушыларды ауданаралық (ауданішілік, қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
25). Жаңа жолаушы тасымалы маршруттарын ашу арқылы аудан халқына жолаушы тасымалы қызметтерінің сапасын арттыру;
26). Заңдарды өз қызметі саласында қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
27). Аудан бойынша мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден белгіленген мерзімге ақпараттар мен сұраныстар алу;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1). өз құзыры шегінде құрылтайшының коммуналдық меншігіндегі және өткізіп берген мүлікті иелену және пайдалана отырып билік жүргізу;
2). Аудан шегінде автомобиль жолдары мен көлік кешендерінде үйлестіру бақылау және басқа да Заңмен ескерілген арнайы, сондай-ақ рұқсат ету функцияларын жүзеге асыру;
3). Автомобиль жолдары мен көлік кешендеріне қатысты аудан әкімдігі актілерінің орындалуына бақылау жасау;
4). Автомобиль жолдары мен көлік кешендерін дамытуды одан әрі жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар мен шешімдер әзірлеуге қатысу;
5). өз құзыры шегінде кеңестер шақыру, орындалуы міндетті актілер шығару, автомобиль жолдары мен көлік кешендерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заң актілерінің, нормативтік-құқықтық актілердің, аудан әкімдігі актілерінің орындалуын тексеру;
6). Аудан шегінде автомобиль жолдары мен көлік кешендері объектілеріне кіру;
7). Ауданның және оның өңіріндегі басқа атқарушы мемлекеттік органдары мамандарын жұмысқа тарту;
8). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның барлық құқықтарын пайдалану;
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
18. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығын, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты тұлға бөлім басшысы жүзеге асырады;
19. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақсу ауданының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттіліктері:
1). Мемлекеттік және өзге де органдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
2). Бөлім қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
3). өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады, құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдайды
4). Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқоорлыққа қарсы шаралар қабылдануына тікелей өзі жауап береді;
5). Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлімнің мүлкі.
21. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.
26. «Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің жұмыс кестесі.

Жұмыс күндері: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма.
Жұмыс уақыты: сағат 9.00 - 18.30
Түскі үзіліс: 13.00 - 14.30
Демалыс күндері: Сенбі, Жексенбі.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс