USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының ішкі саясат
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. .«Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Қорғанбаев

Ақсу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
« » «Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы № қаулысымен бекітілген


«Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е С І

1. Жалпы ережелер
1. «Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Бөлімнің заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, №5 д үй. Индекс: 040100.
9. Бөлімнің толық атауы:
мемлекеттік тілде:
«Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде:
государственное учреждение «Отдел внутренней политики Аксуского района».
10. Бөлімнің құрылтайшысы Ақсу ауданының әкімдігі болып табылады.
11. Осы ереже бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14. Бөлімнің миссиясы:
1) Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыру бөлімнің миссиясы болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру және насихаттау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі саясат туралы заңдарын, қоғамдық –саяси саладағы бағдарламаларды үйлестіру және насихаттау;
3) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу мақсатында әлеуметтік, саяси зерттеулер жүргізу;
4) аудандағы қоғамдық- саяси процесстерді және оның дамуын анықтауда жан-жақты және объективті сараптама жасау, тұрғындардың көңіл-күйін зерттеу, мемлекеттік органдарда ішкі саясатқа байланысты жұмысты үйлестіру;
5) мемлекеттік ақпарат саясатын аймақтық деңгейде жүзеге асыру;
6) үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру, оларды қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерге тарту;
7) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
8) Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
9) саяси партиялардың, қоғамдық–саяси қозғалыстардың, діни ұйымдардың жұмысына мониторинг жүргізу;
10) азаматтық қоғам институттарымен, ауданның қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, аудан әкімінің бөлім құзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қадағалайды және жүзеге асырады.
2) Стратегиялық және саяси жоспарлауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың ішкі саясат мәселесі бойынша жұмысын үйлестіреді, біртұтас жұмыс жоспарын дайындайды.
3) Аудан тұрғындарының ой- пікірін зерттеу мақсатында қоғамдық- саяси және діни ұйымдар, үкіметтік емес және тағы басқа да қоғамдық ұйымдар арасында мониторинг жүргізеді.
4) Саяси партиялар, қоғамдық-саяси, діни бірлестіктер туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындайды.
5) Саяси тұрақтылықты қалыптастыру, қоғамды топтастыру және конфессияаралық келісімді қалыптастыруда жұмысты қамтамасыз етеді.
6) Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіреді, мақсатты шараларды дайындайды және жүзеге асырады.
7) Мемлекеттік атқарушы органдарда ақпараттық-түсіндіру жұмысын, «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіруде ақпараттық топтардың жұмысын үйлестіреді.
8) Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау туралы Концепциясына сәйкес үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
9) Жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастыру-практикалық, әдістемелік, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсетеді.
10) Аудандағы ішкі саяси тұрақтылық туралы сараптама және болжаулар жасайды.
11) Саяси партиялармен, қоғамдық – саяси қозғалыстармен, діни бірлестіктермен арақатынас мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтер, «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырады және өткізеді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім пайдаланып жүрген Заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан филиалдар құруға құқылы.

3. Мемлекеттік органнның қызметін ұйымдастыру.
18. Бөлімнің басшылығы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
19. Бөлімнің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) бөлім қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
2) бөлім қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен Бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4) белгіленген заңнамалық тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
5) өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;
7) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
21. бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі.
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелікке шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің жұмыс кестесі.
26. Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма.
Жұмыс уақыты: 9.00-18.30;
Үзіліс уақыты: 13.00-14.30;
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс