USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА

«Ақсу ауданының тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. «Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәкімбаев Нұрқуат Демесінұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С. Қорғанбаев


Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттiк мекемесінің ережесі


1. Жалпы ережелер
1. «Ақсу ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Ақсу ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Бөлім Ақсу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №567 қаулысымен құрылған.
2. «Ақсу ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің»мынадай ведомстволары бар.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады. Жеке балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде мекеменің аталуы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Ақсу ауданының әкімдігі бекітеді.
6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, №5.
7. Бөлімнің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инпекции Аксуского района».
8. Ақсу ауданының әкімдігі Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
9. Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
10. Осы Ереже Бөлімнің Құрылтайшы құжаты болып табылады.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

11. Бөлімнің негізгі атқаратын міндеттері.
 мемлекеттің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы саясатын жүзеге асыру, жоспарлар, мақсатты бағдарламалар мен іс шаралар әзірлеуге, құрастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
 тұрғын үй қорының саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
 кондоминиум объектісін ортақ мүлкіне тексеру жүргізу;
 ауданның елді мекендерін газбен, электр, жылуэнергияларымен, ауыз сумен, суды бұрумен қамтамасыз ету, көріктендіру және көгалдандыру, коммуналдық қалдықтарды орналастыру мен көму жөніндегі мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру;
 аудан әкімінің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, қалдықтарды басқаруға қатысты мәселелер бойынша іс шараларын жүзеге асыру, осыған сәйкес ұсыныстарын енгізу;
 ауданның бюджеттік мекемелері мен ұйымдарын жылу беру маусымына бөлінген лимитке сәйкес сұйық отынды тасымалдауды ұйымдастыру;
 Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша Бөлімге жүктелген және (немесе) аудан әкімдігі тапсырған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
 Бөлім қолданыстағы заңнамаларға сәйкес және өзіне жүктелген төмендегідей функцияларды атқарады:
 кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
 кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудін жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
 кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектсінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын көмегініңқатсуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
 кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
 кондоминиум объектісінде және үідің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
 тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептейтін аспаптар болуына;
 кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
 тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
 қабылдаған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
 кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
 азаматтар мен заңды тұлғалардың шағым және өтініштерін қарау;
 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге міндеттер жүзеге асырады.
 Тұрғын үй инспекциясы өз құзіретінің шегінде төмендегі құқықтарды иеленеді:
 тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге бару;
 тұрғын үйлерді, үй іргесіндегі аумақты күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ, бақыланатын объектілерінің иелеріне, кәсіподақтарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді, үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсету ;
 тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысу;
 уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелеріннің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсыну;
 тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелеріннің бұзылуы туралы актілер жасау;
 тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару;
 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес тексерулер жүргізу;
 тексеру жүргізу кезінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс кестесіне кедергі келтірмеу;
 тексеру жургізу нәтижесінде алынған құжаттар мен меліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
 сумен жабдықтау және суды бұру, электр, жылуэнергияларымен, газбен жабдықтау саласындағы және де аудантың елді мекендерінің шекарасының шегіндегі тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру;
 аудандағы елді мекендер мен аумақтарды дамытудың басыңқы бағыттары бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
 мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын коммуналдық шаруашылық нысандарын, энергетикалық кешендерін, қатты-тұрмыстық қалдықтарды орналастыру жөніндегі нысандарды күрделі жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысқа тапсырыс берушінің міндеттерін жүзеге асыру;
 аудандағы жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған нысандар бойынша қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысын заңда белгілінген тәртіп бойынша ұйымдастыру;
 ауданның елді мекендеріндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жөндеу, ұстау, ахуалын бақылау және үйлестіру;
 коммуналдық қызметті есептеу жүйесін енгізуді ұйымдастыру;
 тұрғын үй қорының жағдайына мониторингті жүзеге асыру;
 ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дер кезінде дайын болуына бақылауды жүзеге асыру;
 жеке сектордағы тұрғын үйлерді, бюджеттік саладағы әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілерді жылытуға қажет отынның дайындалуына бақылауды жүзеге асыру;
 қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен іріктеу, сақтау, шығаруды , көмуді жүзеге асыруды ұйымдастырушы қалдықтарды орналастыру жөніндегі нысандардың қызметін үйлестіру және бақылау;
 ауданның елді мекендерін абаттандыру ережесінде белгіленген өкілетті органның міндетін орындау;
 ауданның елді мекендерін көгалдандыру мен абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатысты өкілетті органның функциясын жүзеге асыру;
 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына және осы Ережеге сәйкес коммуналдық қызмет көрсететін энергия беруші, энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы, сумен жабдықтаушы, су бұрушы, қоқыс шығарушы, қоқыс сұрыптаушы, қоқыс өңдеуші және басқа ұйымдардың қызметіне бақылау жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
 Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың іс-әрекеттеріне бақылау жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
 нормативтік актілерге сәйкес, қайтыс болғандарды жерлеу орындарын белгілеу мәселелерін үйлестіру;
 бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды, жеке тұлғаларға әдістемелік, заңгерлік және өзге көмектер көрсету;
 коммуналдық инженерлік инфрақұрылымдарды коммуналдық меншікке өткізіп беру-қабылдап алуды жүзеге асыруға қатысу, оларды пайдалану мен ұстау жөніндегі құрылымдарды ұйымдастыру және құру;
 тиісті мемлекеттік органдарға коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін бекіту жөнінде материалдар дайындау кезінде, сараптама кеңесіне қатысу;
 нысандардағы қайталанбалы қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, орналастыру және өңдеуді басқару жүйесін жетілдіру және талдау жүргізу.

3. Бөлімнің құқықтары

12. Бөлім өзінің қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен, өз құзыреті шегінде мынандай құқықтарға ие:
 Ауданның заңды және жеке тұлғаларынан тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы саласына байланысты ақпараттарды сұрату және алу;
 өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіру;
 мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;
 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсету жұмысын жақсарту, елді мекендердегі құлағалы тұрған, сондай-ақ ескі үйлерді бұзу, коммуналдық қызметтерді жеткізіп беру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ауданның әкімдігі мен мәслихатына енгізу;
 Бөлімнің құзыреті шегінде бұйрық шығару, қызметтік құжаттамаларға қол қою;
 Қазақстан Республикасының Заңдарында ескерілген өзге де құқықтарға ие болу
4. Бөлімнің мүлкі

13. Бөлімнің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие.
14. Бөлімнің мүлкі, иегер өткізіп берген мүлік есебінен құрастырылады, сондай-ақ негізгі және айналымдағы қаражаттан, құны балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
15. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
16. Бөлімнің, бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен және басқа тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
17. Жойылу немесе тарату жағдайында Бөлімнің мүлкі құрылтайшыға өтеді.

5. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

18. Бөлім басшысын Ақсу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
19. Филиалдар мен өкілдіктері Қазақстан Республикасы бойынша жоқ.
20. Бөлім бастығы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттерді және оның қызметін жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады.
21. Бұл мақсаттарда Басшы:
 Қызметкерлерінің және Басшының құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін, жауапкершіліктерін және өкілдіктерін белгілейді;
 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына (және әкімдік бекіткен лауазымдар номенклатурасына) сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындап, одан босатады;
 Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарында белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін, тәртіптік комиссиясының қорытындысы негізінде ынталандырады және тәртіптік жаза қабылдайды;
 Бөлімнің атынан Бөлімнің актілеріне және өзге құжаттарға қол қояды;
 сенім хат береді;
 мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Бөлімнің мүддесін, сенімхатсыз қорғайды.
22. Бөлімнің ішкі қызметі туралы шығарған бұйрықтарын оның қызметкерлерінің орындауы міндетті және келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес шағымдануы мүмкін.
23. Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдануына тікелей өзі жауап береді.

6. Бөлім туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізудің реті

24. Бөлім туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар Ақсу ауданы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

7. Бөлімнің қызметін қайта ұйымдастыру және тарату

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және оны тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақсу ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
 Ақсу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізі құқығындағы «Ақсу Су құбыры» аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
 «Ақсу тұрғын үй» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі.

8. Бөлімнің жұмыс кестесі

Жұмыс күндері: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма.
Жұмыс уақыты: 9.00-18.30
Үзіліс уақыты: 13.00-14.30
Демалыс күндері: Сенбі, Жексенбі


Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс