USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының кәсіпкерлік
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Бөлім басшысы Нұрпейсов Ерік Құрмансейтұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Қорғанбаев


ЖОБА

Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық және кәсіпкерлікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров селосы, Желтоқсан көшесі, №5 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тіліндегі атауы – Государственное учреждение «Отдел предпринимательства Аксуского района»
11. Осы Ереже «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақсу ауданының Әкімдігі болып табылады.
12. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде байқау кеңесі құрылмаған.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау заңнамасына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлерінің мемлекеттік саясатын жүргізу.
2) Сауда және қызмет көрсету салаларында өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатының үйлестіруін жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) Ауданды индустриалды және инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, соның ішінде технологиялық қайта өңдеулер мен шикізат ресурстарын тиімді пайдалануды енгізу негізінде жағдайлар жасау;
2) Ақсу ауданының инвестициялық имиджінің дұрыс қалыптасуын, отандық және шет елдердің инвенстицияларын тартуға қолайлы жағдай жасау.
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлім өзіне жүктелген басқа да міндеттерді іске асырады.
16. Функциялары:
1) техникалық реттеуді дамытудың мемлекеттік саясатын аудан аумағында жүзеге асыру және аудан кәсіпорындары мен ұйымдарына халықаралық стандартты енгізуге ықпал ету;
2) Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу, соның ішінде сауда қызметін дамытуға жағдайлар жасау;
3) кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің және өндірістің төмендеу себебін айқындау;
4) шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
5) сауда қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу және тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғауға және дамытуға, сауда және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіби дайындығын, қызмет көрсету деңгейін көтеруге жағдайлар жасау;
6) өнеркәсіп кәсіпорындарының, энергетика, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, сауда, қызмет көрсету, инвестициялық политика, жер қойнауын пайдалану, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және меншік түрі әркелкі нарықтар қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру;
7) өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында жаңа объектілерді іске қосу және жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңарту, энергетиканы, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті, сауданы, қызмет көрсету салаларын, жер қойнауын пайдалануды және қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар жасап, ұсыныстар енгізу;
8) аудан кәсіпорындарын халықаралық, республикалық, салалық және өнім сапасы жөніндегі облыстық көрмелерге, конкурстар мен семинарларға қатысуға тарту, халықаралық сапа жүйесін енгізу жөніндегі олардың жұмыстарын үйлестіру;
9) инвестициялық саясатты жүзеге асыру және ауданның экономикалық саласын дамытуға инвестиция мен несие тартуға жағдай тудыру, екінші деңгейдегі банктермен, шағын несие ұйымдарымен, ауылдық несие серіктестігімен, шағын кәсіпкерлікті қолдау қорымен өзара байланысты жүзеге асыру;
10) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды дайындау және қайта даярлауды дамытуға ықпал ету;
11) кәсіпкерліктің құқын қорғауға бағытталған зандылықтың сақталуына және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік одағы мен ассоциациясын құрумен, кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау мәселелеріндегі олардың рөлін күшейтуге ықпал етуді жүзеге асыру;
12) кәсіпкерліктің инфрақұрылымын қалыптастырудың шараларын қабылдау және шағын кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу;
13) меншік түрі әркелкі сауда нарықтарының сондай-ақ бағаны тұрақтандыру мен аудан тұрғындарының өнім түрлеріне деген қажеттілігін толықтай қанағаттандыру мақсатында ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алу және таратумен айналысатын ұйымдардың іс-қызметін мемлекеттік реттеу мен үйлестіруге ықпал ету;
14) нарықтардың Қазақстан Республикасының Үкіметінің 5 ақпан 2003 жылғы № 131 қаулысымен бекітілген «Сауда базарларының іс-қызметін ұйымдастыру ережесі» талаптарына сай келетіндігіне зерттеу жүргізу;
15) көп тұтынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтің маңызды түрлерінің бағасына мониторинг және талдау жүргізу, инфляциялық жай-күйді назарда ұстау;
16) аудандағы сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары мен базарлар жайлы мәліметтер жүйесін топтастыру;
17) сауда және қызмет көрсету салаларының жағдайына талдау жүргізіп, қызмет көрсету деңгейін, сауда және қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіби дайындықтарын көтеру және дамыту бойынша ұсыныстар беріп, шаралар жасау;
18) сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарымен және базарлардың іс-қызметі мәселесі бойынша ақыл кеңес беру және әдістемелік көмектер көрсету;
19) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
20) мемлекеттік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты орындауды, мемлекеттік бос лауазымдарға орналасуға кадрлар таңдап алу конкурсын қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын жүзеге асыру;
21) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және жағдайын сипаттайтын материалдарды аудан әкімі мен оның орынбасарларына әзірлеу.
22) туризм жөніндегі ауданның есте қаларлық жерлері бойынша туристік саяхаттың бағдарламасымен маршруттар әзірлейді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы заң актілерінің, аудан әкімінің өнеркәсіп, энергетика, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, сауда, қызмет көрсету салалары, жер қойнауын пайдалану, инвестициялық саясат, салаларындағы шешімдері мен өкімдерінің орындалуының жүзеге асуына бақылау жасауға;
2) анықталған тәртіп бұзушылық бойынша сот органдарына талаптар дайындауға және беруге;
3) жетекшілік ететін саланы дамытуды жақсарту мәселелері жөнінде шешімдер мен ұсыныстар жасауға;
4) өз құзыры шегінде жоғарыдағы органдарға жетекшілік ететін салалары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыры шегінде заңда белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге;
6) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумақтарындағы тиісті құрылымдармен өзара байланыстар жасауға, ақпарат және жұмыс тәжірибе ісімен алмасуға;
7) ауданның атқарушы органдарының мамандарын жұмысқа тартуға;
8) заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты, «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
19. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын Ақсу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарлары жоқ.
21. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өкілеттігі:
1) заңға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және одан босатады;
2) бөлім қызметкерлерінің өкілеттігі мен міндетін айқындайды;
3) заңда белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) аудан әкіміне бекітуге бөлім Ережесін ұсынады;
6) келісім-шарттар жасап, сенімхаттар береді;
7) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;
8) Бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда, оның мүлкі құрылтайшыға қайтарылады.
24. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік жергілікті/коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
26. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқару органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Ақсу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бөлімнің жұмыс кестесі

28. Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
Жұмыс уақыты: 9.00 – 18.30
Үзіліс уақыты: 13.00 – 14.30
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс