USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жоба

«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. .«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жандосова Гүлнара Жандосовнаға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Қорғанбаев


Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының экономика және» бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ереже
1. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық және экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров поселкесі, Желтоқсан көшесі, 5.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Орыс тіліндегі аталуы Государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования Аксуского района»
11. Осы Ереже «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақсу ауданының Әкімдігі болып табылады.
12. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде байқау кеңесі құрылмаған.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
2) Әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтарымен өзара әрекеттесуде мемлекеттік фискалдық және бюджеттік инвестициялық саясаттын қалыптастыру;
3) Экономика секторларында мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
15. Міндеттері:
1) Ауданды индустриалдық және инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
2) Аудан экономикасының салаларын дамыту мақсатында несиелердің және инвестициялардың тартылуына ықпал ету;
3) Гидро және жел энергоресурстарының тиімді пайдалануы арқылы аумақтың энергиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету аумақтық саясатына қатысу;
16. Функциялары:
1) Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және аумақтық үйлестіруді іске асыру;
2) Стратегиялық, ортамерзімді экономикалық, бюджетті жоспарлау жүйесін жетілдіру;
3) Жергілікті атқару органдарының қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді бағдарламасын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру, орындалуы жөнінде мониторинг жүргізу;
4) Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалар) тізімін қалыптастыру;
5) Мемлекеттік кепілді қарыз алу мен борышты қайтару, бюджеттік несиелеуге мемлекеттік жоспарлау және талдау жүргізу;
6) Ақсу ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың ортамерзімді жоспарының жобасын әзірлеу;
7) Сәйкес жылға аудандық бюджет туралы аудандық Мәслихат шешімін әзірлеу;8) Ақсу ауданы әкімиятының ортамерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлеу;
9) Әлеуметтік-экономикалық дамудың ортамерзімді жоспарларын, бюджеттік жоспарлау мен өңірлік бағдарламаларды әдістемелік әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
10) Ауданның табыс көздері шегінде ортамерзімді фискалдық саясаттың, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың ортамерзімді жоспарының негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;
11) Ауданның табыс көздері шегінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары үшін жергілікті бюджет шығындарының лимитін қалыптастыру;
12) Шығын лимиттерін бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне жеткізу;
13) Аудандық бюджеттен қаржыландыратын бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік өтініштері бойынша қорытындыларын қарастыру, бағалау мен дайындау және бюджетті құрастыру;
14) Аудандық бюджет арасында жалпы сипаттағы ресми трансферттердің болжамды көлемін анықтау;
15) Бөлім құзырына енетін бағыттар бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу;
16) Қаржы жылына сәйкес қаржы бөлімімен келісе отырып, аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру жөніндегі аудандық әкімдік қаулысын әзірлеу;
16) Бюджеттік бағдарламалар төлқұжаты жөніндегі әкімдік қаулысын әзірлеу;
17) Жергілікті атқарушы органдардың және ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің штаттық санының лимитін белгілеу бойынша аудан әкімдігінің шешімдерін дайындау;
18) Бюджеттік инвестициялар мониторингін әзірлеуді ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету;
19) Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу, өңірлік бағдарламаларды және басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар тартуға көмектесу;
20) Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік жекеменшік пен жекешелендіруді басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын жүзеге асыру;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Өңірлік саясатты әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары бойынша Әкімдікке ұсыныстар енгізу;
2) Жергілікті атқарушы органдардың ортамерзімді жоспарларын, оларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын жүзеге асыру мониторингін жүргізу;
3) Ауданның кешенді бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын түзету туралы Әкімдікке ұсыныстар енгізу;
4) Өңірлік бағдарламаларды әрі қарай мақсатты дамыту туралы Әкімдікке ұсыныстар енгізу;
6) Өзінің құзыры шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымды құру, қайта құру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
7) Өзінің құзыры шегінде мемлекет және басқа да ұйым мекеме тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік органдар қажетті ақпаратты және құжатты сұратып алу;
8) Бөлімінің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша сәйкес келетін облыстағы аумақтық құрылымдармен өзара қарым-қатынаста болу, ақпаратпен және тәжірибемен алмасу;
9) Өз өкілеттігі шегінде жергілікті атқарушы органдардан ақпарат сұрату және алу;
10) Бөлімге түскен қызметтік құжаттарды қарайды.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты, «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
19. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын Ақксу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарлары жоқ.
21. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өкілеттігі:
1) заңға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және одан босатады;
2) бөлім қызметкерлерінің өкілеттігі мен міндетін айқындайды;
3) заңда белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) аудан әкіміне бекітуге бөлім Ережесін ұсынады;
6) келісім-шарттар жасап, сенімхаттар береді;
7) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;
8) Бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қоолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда, оның мүлкі құрылтайшыға қайтарылады.
24. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік жергілікті/коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
26. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқару органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Ақсу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бөлімнің жұмыс кестесі
28. «Ақсу ауданыының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Жұмыс күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма.
Жұмыс уақыты: 9.00-18.30
Үзіліс уақыты: 13.00 – 14.30.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс