USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Ауданның қаржы бөлімінің басшысы Рахметова Алима Баққалиқызына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С. Қорғанбаев

Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер
1. Ақсу ауданының қаржы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Ақсу ауданы аумағында бірыңғай қаржылық саясатты жүзеге асыратын мемлекетік мекеме болып табылады.
2. Бөлім Ақсу ауданы әкімдігі атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне қосылып, қызметті өзіне жүктелген функциялар мен өкілдігі шегінде ұйымдастырады.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, облыстық және аудандық Мәслихатының шешімдеріне, Алматы облысы және аудан әкімдерінің өкімдеріне, басқада нормативтік – құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
4. Бөлім Заңды тұлға болып табылады, мемлектік тілде өз аталуы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдылықтарға сәйкес есеп шоты бар.
5. Бөлім тиісті жылға сәйкес бөлінген бюджеттік қаржы шегінде азаматтық құқықтық қатынастарға өзінің атынан әрекет етеді.
6. Ақсу ауданының қаржы бөлімінің заңды мекен – жайы: индексі 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5 үй.
7. Бөлімнің мемлекеттік тілдегі аталуы – «Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі толық аталуы – Государственное учреждение «Отдел финансов Аксуского района».
8. Ақсу ауданының әкімдігі Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты, мүліктің меншік иегері аудан әкімдігі болып табылады.
9. Мемлекеттік басқару органы Алматы облысының қаржы басқармасы.
10. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
11. «Ақсу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру болып табылады.
12. Міндеттері:
Бөлімінің негізгі міндеттері болып табылатындар:
1) Аудандық бюджеттің орындалу жұмыстарын ұйымдастыру, бюджеттің орындалуын талдау, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау және аудандық бюджеттің қолда бар ақшалай қаржысына басшылық жасау;
2) Аудан көлемінде өз құзыретінің шеңберінде коммуналдық меншік жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
3) Жергілікті атқарушы органдардың бюджетті орындау, мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару, Үкімет және жергілікті атқарушы органдардың актілеріне сәйкес салықтық емес түсімдерді жинау жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес орындалатын өзге де міндеттер.
13. Функциялары:
Бөлім заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды орындайды:
1) Аудан қаржысын басқару аясында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын белгілеуге қатысу;
2) Ауданда мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастыру;
3) Бюджеттік түсетін түсімдердің көлемін болжап, талдайды және қолда бар ақшалай қаржыны басқару жөніндегі шешімдер қабылдайды;
4) Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің міндеттемелерімен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын қарайды, сондай – ақ келіседі;
5) Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын және түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастырып, бекітеді;
6) Бағдарлама әкімгерлерінің жылдық сомаларын әр айға бөлуін және қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігіне талдау жүргізеді және оларға баға береді;
7) Бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастырып, өзгерістер енгізеді;
8) Жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;
9) Жүйені ретке келтіру және толық жинауды үзбей есеп жүргізу арқылы қамтамасыз етеді;
10) Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде бюджетті орындау және бюджетік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асырады;
11) Алматы облысының қаржы басқармасына және атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімге тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарының барлық түрлерін қалыптастырады;
12) Индикативтық және басқа да жоспарларды әзірлеуге қатысады;
13) Аудандық коммуналдық меншік нысандарын жалға беру, жалдау келісім шарттарының тиісті түрде орындалуын қадағалау;
14) Кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру, келісім шарттарының талаптарының толық орындалуын қадағалау;
15) Коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру (сату) бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
16) Негізгі құралдарды есептен шығаруға келісім беру;
17) Аудан ішіндегі мемлекеттік мекемелер арасындағы негізгі құралдардың ауыс – күйістерін есепке алу, қадағалау;
18) Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге мемлекеттік сатып алулар процесін, сондай-ақ аудандық жергілікті атқарушы органдары жүргізетін сатып алудың қорытындысы мен жиынтығын талдайды, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізеді.
14. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіпте төмендегі құқықтарға ие:
1) Заңдылықтарда белгіленген мерзімде және нысандар бойынша бюджетке түсетін салықтардың сомалары және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға қажет статистикалық және өзге де материалдарды салық, атқарушы органдар, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан, басқа да аймақтық органдардан алу және сұратып алу;
2) Өзінің құзыры шегінде жергілікті бюджеттен қаржылындырылатын мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын және субсидиялауда болатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тексеру және талдау жүргізу;
3) Заңдылықтардың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
15. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Бөлім басшысы жүзеге асырады.
Әкімшілік мемлекеттік қызметтер болып табылатын қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалуы және босатылуы аудан әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, Алматы облысының қаржы басқармасыман келісе отырып, жүзеге асырылады. Бөлім басшысы тиісті бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау және оларды қызметінен шығару туралы шешімі, аудан әкімімен және Алматы облысының қаржы басқармасымен келісе отырып, бекітіледі.

Бөлім басшысы:
1. Бөлім қызметін ұйымдастырып, басқарады және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады.
2. Бөлім жұмысшылары арасында функционалдық міндеттер мен өкілдігін бөлуді жүзеге асырады.
3. Бөлім жұмысшыларына, заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза шараларын қолданады.
4. Бөлім жұмысшылары міндетті түрде орындайтын бұйрықтарды шығарады, қызметтік құжаттамаларға қол қояды.
5. Заңдылықтарға сәйкес өзге де мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлім мүддесін ұсынады.
6. Заңдылықтарға сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
7. Бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады.
8. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
16. Бөлім өзіне мемлекет тапсырып берген мүлік есебінен қалыптасатын, жедел басқару құқығымен жекеленген мүлікті иеленеді сондай – ақ негізгі және айналымдағы қаржыдан, сонымен қатар құны Бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктен құралады.
Бөлім қайта құрылған жағдайда оның мүлкі қайта құрылуышыға, жойылған жағдайда меншік иесіне өтеді.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
17. Бөлімді қайта құру және тарату құрылтайшының шешімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің жұмыс кестесі

Жұмыс күндері: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма.
Жұмыс уақыты: 9.00 – 18.30
Үзіліс уақыты: 13.00– 14.30
Демалыс күндері: Сенбі, Жексенбі.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс