USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.« Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекбаланов Қайрат Тыңбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Ә.Далбағаев

ЖОБА


Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

№ _____ қаулысымен бекітілген қосымша


«Ақсу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік біртұтас саясатты халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы заңдарға ескерілген шекте іс жүзіне асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық насынындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:индекс – 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы,Ақсу ауданы, Желтоқсан көшесі,5.
9. Мемлекеттік органның толық атауы- «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржылындару республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міедеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақсу ауданының әкімдігі болып табылады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Халықтың өмір сүру деңгейін мен сапасын арттыруға көмектесу
15. Міндеттері:
1) халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін уақытылы және дұрыс тағайындау жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;
2) жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру;
3) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
4) кедейшілікті төмендету, жұмыспен қамту жөніндегі және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жүзеге асырылуын талдау;
5) болжам жасау, сұраныс және жұмыс күшіне ұсыныс мониторингісі, еңбек рыногында біртұтас ақпараттық база құру, халықты еңбек рыногындағы жағдай жөнінде ақпараттандыру;
6) халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді шараларды дамыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін көтеру;
7) жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын және кәсіби даярлау тәжірибесін жетілдіру.
16. Функциялары:
1) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін шаралар жүргізу;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейіне байланысты саралап жүктеуді қамтамасыз ету жолымен іске асыру;
3) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерге талдау жасау: халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
4) атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысу;
5) азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, талдау жасау және оның себептерін жинақтау;
6) әлеуметтік қорғау саласы бойынша қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған орындарға ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
7) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протез-ортопед бұйымдарымен, сурдо-тифло-техника құралдарымен міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;
8) соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыру;
9) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік тексерілуге құжаттар дайындау, әлеуметтік көмектің үйде көрсетілуіне мұқтаж мүгедектерге оның ішінде бөгде көмекке мұқтаж мүгедек балаларға құжаттар дайындау сондай-ақ ҰОС-ң мүгедектері мен ардагерлерімен және оларға теңестірілген тұлғаларды, топтағы мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды санаторлық-курортық жолдамалармен қамтамасыз ету;
10) мүгедектерді оңалту бағдарламасын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өңдеу және мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
11) мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуге әлеуметтік көмекті көрсету және ұйымдастыру;
12) жалғыз басты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ведомствалық статистикалық есепті құрастыру;
13) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу, ұжымдық шарттарды бекіту тәжірибесін жинақтау, олардың орындалуына бақылау жасау, сондай-ақ өзінің құзіреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
14) кәсіпорындардың және экономикалық қызметтің барлық түрлеріндегі ұйымдарды нормаландыру және еңбек ақы төлеу жағдайын талдау;
15) қаржылық және статистикалық есептерді құрастыру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;
16) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) халықты әлеуметтік қорғау, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі мемлекеттік емес құрылымдар құруға ықпал етуге;
2) бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және өзге де материалдар сұратуға және алуға;
3) «Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған Ақсу ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік басқару органы «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті орган ретінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында көзделген құқықтарды иеленуге;
4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың сенімділігін тексеру;
5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге;
6) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен кеңестер өткізуге;
7) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен өзара әрекет жасауға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Заңмен белгіленген тәртіп бойынша мекеме мүлігіне басшылық жасайды
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді;
5) белгіленген тәртіпте мадақтау мәселелерін шешеді, материалдық көмектерді көрсетеді, тәртіптік жазаға тартады;
6) бөлімді барлық мемелекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады;
7) мекеме қызметкерлеріне барлығына бірдей бұйрық шығарып, нұсқау береді;
8) Аудандық қаржы бөлімінің келісімімен Бөлімді күту бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
9) Бөлімнің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша қажетті ақпаратты сұрайды;
10) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
«Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Жұмыс кестесі

27. «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі аптасына бес күн жұмыс істейді (дүйсенбі – жұма), демалыс күндер: сенбі – жексенбі.
Жұмыс уақыты:9.00-дан 18.30-ге дейін,
үзіліс уақыты: 13.00-дан 14.30-ге дейін.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс