USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ЖОБА


«Ақсу ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі-Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына жүктелсін.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Сабырбаев Амандос Ақышұлына
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Ә.Далбағаев

Ақсу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № _____ қаулысымен бекітілген қосымша

«Ақсу ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 040100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 5 д.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi.
орыс тілінде: - Государственное учреждение «Аппарат Акима Аксуского района».
11. Осы Ереже «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігінің және әкiмінiң қызметiн қамтамасыз ету.
15. Мiндеттерi:
Аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;
2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік мәжілістерін, басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
7) аудан әкіміне және оның орынбасарларына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;
8) аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;
9) әкiмдік және әкiм қабылдаған нормативтік-құқықтық актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi жүзеге асыру;
10) аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
11) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;
12) қызметтік құжаттарды қарау;
13) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
14) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
15) іс-қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;
16) атқарушы органдаымен бірлесе отырып, әкімдік мәжілістерінің қарауына мәселелерді дайындау;
17) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;
18) азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстарына қатысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;
19) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.
17.Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты түрде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
2) әр деңгейдегі әкімдіктердің мәжілістеріне, алқаларына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына қатысуға;
3) аудан әкімдігінің мәжілісіне, аудан әкімінің қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатыстыруға;
4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
5) Ақсу ауданы әкімдігі және аудан әкімі аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
6) «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
3. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
қызметiн ұйымдастыру

18. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкiлеттiгi:
1) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және жалпы басшылықты жүзеге асыру;
2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды азаматтарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;
3) аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен, қала және ауылдық округ әкімдерімен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының басшыларымен, қоғамдық ұйымдармен байланысын қамтамасыз етеді;
4) аудан әкімдігінің және әкімінің қабылдаған актілердің орындалуына бақылау жұмысын үйлестіреді;
5) аппарат құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды және қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) аппаратқа техникалық қызмет көрсететін және аппарат жұмысын қамтамассыз ететін қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту және көтермелеу жөніндегі мәселелерді шешеді;
7) аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте аппараттың мүлігі мен қаржысына билік етеді;
9) келісім-шарттар мен келісімдер жасайды, есепттік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;
10) аудан әкімдігінің бекітуіне аппараттың ережесін, әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын, регламенттін бекітілуі, аппаратың жұмысын жоспарлау, аудан әкімінің орынбасарлары арасындағы міндеттер бөлісуі, аппараттың құрылымы туралы, белгіленген штат санының лимиті шегінде штат кестесі, аппараттың шығындар сметасы, аппарат қызметкерлерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының лауазымдық қызмет ақыларына үстемақылар мен қосымша ақылар қосу бойынша ұсыныстар енгізеді;
«Ақсу ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
23. Ақсу ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс күні 9.00-де басталады және 18.30-ге дейін созылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.

4. «Ақсу ауданының әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мүлкi

24. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. «Ақсу ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс