USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы

ЖОБА

Ауылдық жерде жұмыс істейтін
білім берудің педагог қызметкерлеріне
коммуналдық қызмет көрсетулерге
шығыстарды жабуға және тұрғын
үй-жайларды жылыту үшін отын
сатып алуға біржолғы ақшалай
өтемақы белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Бюджет, әлеуметтік- мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына» жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Т.Баулыбаев мәслихат хатшысы С.Серпербаев


Ақсу аудандық мәслихатының _____ жылғы ________ «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы» №_____ шешіміне келісімі


«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы 2015 жылғы «____» ______

«Ақсу аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Жандосова Гулнара Жандосовна
2015 жылғы «__» _________

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс