USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
Погода в Жансугуров °C

Матай поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы «Матай поселкелік округіндегі көше атаулары жоқ Ақөзек, Береке, Жасқазақ разъездеріне Ақөзек, Береке, Жасқазақ көше атауларын беру туралы» №3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА



«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 205 қаулысына және Алматы облысы мәслихатының 2013 жылғы 24 шілдедегі №20-128 бірлескен шешімі негізінде Матай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Матай поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы «Матай поселкелік округіндегі көше атаулары жоқ Ақөзек, Береке, Жасқазақ разъездеріне Ақөзек, Береке, Жасқазақ көше атауларын беру туралы» (Ақсу ауданының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 13 қаңтарда 2-4-100 нөмірімен тіркелген №3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешім мәтініндегі «поселкелік округі» деген сөз «ауылдық округі», «поселок» деген сөз «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын Матай ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Қыдырбеков Серікке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Матай ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы Р.Мұсагұлов

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс