USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі «Жансүгіров поселкесіндегі атауы жоқ көшеге Есенқұл Маманұлы атындағы көше атауын беру туралы» №2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 205 қаулысына және Алматы облысы мәслихатының 2013 жылғы 24 шілдедегі №20-128 бірлескен шешімі негізінде Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Жансүгіров поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 26 қарашадағы «Жансүгіров поселкесіндегі атауы жоқ көшеге Есенқұл Маманұлы атындағы көше атауын беру туралы» (Ақсу ауданы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 20 желтоқсандағы 2-4-96 нөмірімен тіркелген №2 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешім мәтініндегі «поселкелік округі» деген сөз «ауылдық округі», «поселок» деген сөз «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Шоқпаров Нұрланға жүктелсін. 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Жансүгіров ауылдық округінің әкімі Б.Шарипов
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс