USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңынының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» №343-II Заңының 16 бабының 4 тармағына (2014жылғы 13қаңтардағы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі
және мөлшері ережеге сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың«Бюджет әлеуметтік-мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Серпербаев


«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақсу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Бекбаланов Қайрат
мемлекеттік мекемесінің басшысы Тынбайұлы
«__»______ 2014 жыл


Ақсу аудандық мәслихатының
2014 жылғы «___» _____________
№ ___ «Үйде оқитын мүгедек балаларға
әлеуметтік көмек көрсетудің
тәртібін және мөлшерін айқындау
туралы» шешіміне қосымша

Үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек
көрсетудің тәртібі және мөлшері

Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңынының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» №343-II Заңының 16 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді және үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі және мөлшерінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) үйде оқитын мүгедек бала – жалпы білім беру орталығында (мектепте) өзге адамның көмегінсіз оқуға қатыса алмайтын мүмкіндігі шектеулі бала;
2) көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілі – үйде оқитын мүгедек баланың ата-анасының бірі немесе қамқоршысы;
3) әлеуметтік көмек – үйде оқитын мүгедек балаға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үйде оқытудың қажеттілігі танылған қорытындысы берілген жағдайда төленетін көмек;
4) уәкілетті орган – үйде оқитын мүгедек балаға әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асыратын «Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5) халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді камтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
6) веб-портал – электрондық үкіметінің www.egov.kz веб-порталы-нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2. Әлеуметтік көмек Қарасай ауданында тұрақты тұратын, отбасында үйде оқитын мүгедек баласы бар ата-анаға немесе мүгедек баланың қамқоршысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

2. Қосымша әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі және мөлшері

3. Қосымша әлеуметтік көмек мүгедек баланың ата-анасының біреуінің немесе қамқоршының өтініші бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үйде оқытудың қажеттілігі танылған қорытындысында көрсетілген оқу мерзімі бойынша 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа толғанға дейін әрбір мүгедек балаға 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып, тоқсан сайын төленеді.
4. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:
1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
4) мүгедек баланың туу туралы куәлігі;
5)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
6) мүгедектігі туралы анықтама;
7) банктегі шоттың болуы туралы құжат;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
6. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талонын береді.
8. Үйде оқитын мүгедек баланың ата-анасының бірі немесе қамқоршысы алғаш жүгінген кезде әлеуметтік көмекті алу құқығы туындағаннан кейін өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Қайталап өтініш білдіргенде әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Мүгедек балаға әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп есептеледі.
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үйде оқитын мүгедек бала қайтыс болған жағдайда немесе мектеп-интернатқа, мүгедектер үйіне орналастырылғанда және т.б. жағдайлар туындағанда тоқтатылады.

3. Қаржыландыру және төлеу

10. Әлеуметтік көмекті төлеуді қаржыландыру аудан бюджетiмен тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
11. Үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті төлеуді уәкілетті орган екiншi деңгейлi банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды

12. Осы әлеуметтік көмекті көрсетудiң тәртібі және мөлшерімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс