USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақсу ауданындағы
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 наурыздағы №185 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына, «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №471 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының Бұйрығына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік– мәдениет салалры, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат хатшысы,
сессиясының төрағасы ___________ С.Серпербаев


«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақсу ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
« » 2014 жыл

«Ақсу ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Жандосова Гүлнар Жандосқызы
« » 2014 жыл

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 436-ж/қ бұйрығымен Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. болып тағайындалды

20 Мамыр 2019
Сайт картасы Кері байланыс