USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Ақсу ауданы бойынша
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) тармақшасын, 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» N 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, Ақсу аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
3. Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы «Ақсу ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Алматы облысының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 3 ақпандағы 2-4-145 нөмірмен тіркелген, «Ақсу өңірі» газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы №8(9590) жарияланған) №12 қаулысының күші жойылды деп танылсын
4.Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ә. Далбағаев

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс