USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданының ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Ақсу ауданының ауылдық
округінде бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидасын
және жергілікті қоғамдастық жиындарына
қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» №1106 Қаулысына сәйкес Ақсу ауданының мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақсу ауданының ауылдық округтерінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ақсу ауданының ауылдық округтерінде қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақсу аудандық
мәслихаттың хатшысы
С.Серпербаев

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс