USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ЖОБА
06.01.2012 жыл

Ақсу ауданында
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі негізінде Ақсу аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай айқындалып, жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ұйымдастырылсын.
2. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сай бекітілсін.
3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы «2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» №558 (Ақсу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 01 ақпанда 2-4-127 нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде енгізілген, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №8 (9547) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ә.Дүйсембаев

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс