USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
Погода в Жансугуров °C

ЖОБА Ақсу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

ЖОБА

 

 

            Ақсу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде               № 14285 тіркелген) сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақсу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Ақсу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-мәдениет саласы, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Ақсу аудандық мәслихатының                     Ақсу аудандық мәслихатының

сессия төрағасы                                               хатшысы                                    

                                К. Даулетбекова                                                         Б. Сүлейменов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу аудандық мәслихатының

2019 жылғы «__» ________«Ақсу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

№____ шешіміне 1-қосымша

 

 Ақсу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және                                  жинақталу нормалары

 

 

Объектінің түрі

Есептік бірлік

м3/жыл

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,76

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар

1 орын

0,72

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

094

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,61

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,94

6

Емхана

1 адам

0,02

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,67

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,21

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,52

10

Мәжіліс залдары, түнгі клубтар,

1 орын

0,30

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,01

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

14

Азық – түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

0,98

15

Көліктегі сауда

Сауда алаңы 1 м2

0,98

16

Өнеркәсіп тауарлары дүкендері, супермаркеттер

1 м2 торговой площади

0,69

17

базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,47

18

Көтерме сауда базалары, Азық – түлік тауарлары қоймасы

Сауда алаңы 1 м2

0,06

19

Көтерме сауда базалары, Өнеркәсіп тауарлары қоймасы

Сауда алаңы 1 м2

0,16

20

Халыққа қызмет көрсету орталықтары

Сауда алаңы 1 м2

0,58

21

Вокзалдар, автобекеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,35

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,70

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар

1 машина-орын

6,63

25

Автошеберханалар

1 жұмыс орны

1,88

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,14

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,38

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

29

Ұсақ жөндеу жұмыстары және қызметтері (кілттерді жасау және т.б.)

1 жұмыс орны

0,27

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,54

31

Аумақты жинау (мекеме,саябақ, кәсіпорындар аумақтарын жинастыру )

1000 қатысушы

0,52


 * түзілу нормасы есепті бірлігі – м3/жыл

 

Ақсу аудандық мәслихатының

2019 жылғы «__» ________«Ақсу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

№____ шешіміне 2-қосымша

 

 

Ақсу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,әктеуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

 

 

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

 

 

1.1

Жайлы және жайсыз үйлер

1 тұрғын айына

200

1.2

Жеке тұлғалар  үшін

1 қоқыс жәшігі

1300

1.3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 қоқыс жәшігі

1500

1.4

Жеке тұлғалар  үшін

1 трактор тіркемесі

3000

1.5

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 трактор тіркемесі

4000

1.6

Жеке тұлғалар  үшін

1 рейс «Камаз» жүк көлігі

5000

1.7

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1рейс «Камаз» жүк көлігі

7000

2

Тұрмыстық қаттықалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері

 

 

2.1

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

   

 

 

 

Дата cоздания: 06 Тамыз 2019 17:56
Дата редактирования: 06 Тамыз 2019 17:57
Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс