USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213-I Заңының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы № 148-II Заңының, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңының нормативтік ережелеріне сәйкес Ақсу ауданының, әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарығындағы жағдайды және бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
бір немесе одан да көп жыл жұмыс істемейтін тұлғалар;
бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
елу жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Ә.Далбағаев

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс