USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

Жоба Ақсу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жоба

 

Ақсу  ауданы бойынша бірыңғай

тіркелген салық мөлшерлемелерін

белгілеу туралы

 

 

           «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының     6-бабына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.

           2. Ақсу аудандық мәслихаттының аппарат басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жуктелсін.

  3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет және әлеуметтік-мәдениет салаларын дамыту, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау  мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

           4.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Аудандық мәслихат                                     Аудандық

сессиясының  төрағасы                               мәслихаттың хатшысы

                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

                                              Ақсу аудандық мәслихатының

                                              2018 жылғы «____»______________

                                              «Ақсу аудыны бойынша бірыңғай

                                              тіркелген салық мөлшерлемелерін

                                              белгілеу туралы»

                                              № _______ шешіміне   қосымша       

                                                                                                                        

Ақсу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың

мөлшерлемелерінің айлық есептік көрсеткіші

 

 

Рет. №

Салық салу объектісінің атауы

Ақсу  ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің (айлық есептік көрсеткіші)

1

2

3

1

 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

 

1

2

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

 

 

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьтер

 

1

4

Ойын жолы

 

5

5

Карт

 

2

6

Бильярд үстелі

 

3

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

 

 

 

10

 

 

Дата cоздания: 07 Қараша 2018 16:19
Дата редактирования: 07 Қараша 2018 16:20
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс