USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

ЖОБА Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

ЖОБА

 

 

Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу

және    дауыс     санау    үшін   сайлау

учаскелерін    құру    туралы                    

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                             28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының         23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2.  Ақсу ауданы әкімінің «Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне                    2015 жылы 25 ақпандағы № 3076 тіркелген, 2015 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Кусмолдин Серик  Адильбековичке жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

 

 

Аудан әкімі                                                           А. Далбагаев  

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 Ақсу ауданы әкімінің 2018 жылғы            

                                                                 «_____» __________________      

«Ақсу ауданында дауыс беруді өткізу

және    дауыс     санау    үшін   сайлау

учаскелерін    құру    туралы» 

№                  шешіміне қосымша

                  

                                                                 

№ 1 сайлау учаскесі. 

Орталығы: Жансүгіров ауылы, О. Жұмашев көшесі № 29, Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен.

Шекарасы: Жансүгіров ауылы, көшелері: Махмұтов № 3-тен 19-ға дейін, Уалиханов № 3-тен 22-ге дейін, Сәтпаев № 1-ден 134-ке дейін, Тәуелсіздік                   № 1-ден 186-ға дейін, Сиқымов № 1-ден 101-ге дейін, Әліпбеков № 2-ден 8-ге дейін, Жидебаев № 1-ден 25-ке дейін (тақ жағы), № 2-ден 58-ге дейін (жұп жағы), Шоңай батыр № 28-ден 207-ге дейін, Айтжанов № 4-тен 20-ға дейін, Сақалбаев № 1-ден 11-ге дейін, Еркенов № 1-ден 45-ке дейін, Жұмашев                               № 42-ден 128-ге дейін.

№ 2  сайлау учаскесі.

Орталығы: Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 8, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы.

Шекарасы: Жансүгіров ауылы, көшелері: Нұрбопа № 1-ден 79-ға дейін, Қалилаханов № 2-ден 85-ке дейін, Әуезов № 1-ден 54-ке дейін, Қ. Мұқашев      № 2-ден 12-ге дейін, Еркімбеков № 2-ден 37-ге дейін, Мұратбаев № 2-ден                 13-ке дейін, Ермектасов № 1-ден 5/3-ке дейін, Кедесов № 1-ден 10-ға дейін, Жамбыл № 2-ден 31-ге дейін, Бұланов № 2-ден 38-ге дейін, Ә. Молдағұлова № 1-ден 13-ке дейін, Желтоқсан № 9-дан 19-ға дейін (тақ жағы), Желтоқсан № 4, Қабанбай батыр № 2-ден 18-ге дейін (жұп жағы), № 1-ден 35-ке дейін            (тақ жағы), Момышұлы № 1-ден 12а-ға дейін, Терібаев № 2-ден 43/5-ке дейін, Есеболатов № 1-ден 102-ге дейін, Ангалова № 6-дан 12-ге дейін, Уәлиұлы       № 1-ден 39-ға дейін, Құсмолдин № 1-ден 6-ға дейін, Майлин № 2-ден 33/1-ге дейін, Жидебаев № 33-тен 41-ге дейін (тақ жағы), № 58-ден 108-ге дейін      (жұп жағы), Е. Маманұлы 2-ден 52-ге дейін.

         № 3 сайлау учаскесі.

Орталығы: Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 42,                         «Ақын Сара» жастар мәдени орталығы.

Шекарасы: Жансүгіров ауылы, көшелері: Желтоқсан № 8-ден 48-ге дейін (жұп жағы), № 33-тен 63-ке дейін (тақ жағы), Қабанбай батыр № 18-ден 40-қа дейін (жұп жағы), № 41-ден 63-ке дейін (тақ жағы), Пушкин № 1-ден 17/7-ге дейін, Төлебаев № 1-ден 56а-ға дейін, Амангелді № 1-ден 59-ға дейін, Айтқожин № 1-ден 9/2-ге дейін, Сүлейменов № 1-ден 4/16-ға дейін, Бұхарбаев  № 1-ден 77-ге дейін, Кенжебаев № 1-ден 14/2-ге дейін, Ақын Сара № 1-ден 33/2-ге дейін, Толғанбай ақын № 1-ден 71-ге дейін, Р. Рахымбекова № 1-ден 33/2-ге дейін, Абай № 1-ден 14-ке дейін, Жандосов № 2-ден 29-ға дейін, Әубәкіров № 1-ден 21-ге дейін, Омарұлы № 1-ден 16-ға дейін, Жансүгіров                    № 1-ден 14/1-ге дейін, Жидебаев № 45-тен 51-ге дейін (тақ жағы).

№ 4 сайлау учаскесі.

Орталығы: Көкөзек ауылы, Мектеп көшесі № 1, Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Көкөзек ауылы.

 

№ 5 сайлау учаскесі.

Орталығы: Алтынарық ауылы, Абай көшесі № 1, Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Алтынарық ауылы.

№ 6 сайлау учаскесі.

Орталығы: Энергетик ауылы, О. Кошевой көшесі № 4, Ақсу аудандық электрожүйелерінің ғимараты.

Шекарасы: Энергетик ауылы.

№ 7 сайлау учаскесі.

Орталығы: Есеболатов ауылы, Жамбыл көшесі № 30, Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Есеболатов ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 8 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қызылқайың ауылы, Бұхар Жырау көшесі № 12, Кызылқайың негізгі орта мектебі.

Шекарасы: Қызылқайың ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 9 сайлау учаскесі.

         Орталығы: Еңбек ауылы, М.Ермектасов көшесі № 35, Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

         Шекарасы: Еңбек ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 10 сайлау учаскесі.

Орталығы: Тарас ауылы, Тәуке хан көшесі № 9, Тарас негізгі орта мектебі.

Шекарасы: Тарас ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 11 сайлау учаскесі.

Орталығы: Кеңжыра ауылы, Әкімшілік көшесі № 28, Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Кеңжыра ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 12 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қаракөз ауылы, Абай көшесі № 1, Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Қаракөз ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 13 сайлау учаскесі.

Орталығы: Кеңғарын ауылы, Шірікарал көшесі № 35, Кенғарын негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

 Шекарасы: Кеңғарын ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 14 сайлау учаскесі.

Орталығы: Жаңалық ауылы, Шатырбай Бәтенов көшесі № 1, Жаңатілеу орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Жаңалық ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 15 сайлау учаскесі.

         Орталығы: Сағабүйен ауылы, Абылайхан көшесі № 24, Сағабүйен ауылдық мәдениет үйі.

Шекарасы: Сағабүйен, Сағакүрес ауылдары және мал жайылым учаскелері.

№ 16 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қарашілік ауылы, Қастекбаев көшесі № 9, Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Қарашілік ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 17 сайлау учаскесі.

Орталығы: Ойтоған ауылы, Жәнәбіл көшесі № 12, Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Ойтоған ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 18 сайлау учаскесі.

Орталығы: Үлгілі ауылы, Талдыөзек көшесі нөмерсіз, жекеменшік үй

Шекарасы: Үлгілі ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 19 сайлау учаскесі.

Орталығы: Б. Сырттанов ауылы, О.Жандосов көшесі № 1, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Б. Сырттанов ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 20 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қопа ауылы, Балтабай көшесі № 1, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Қопа ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 21 сайлау учаскесі.

Орталығы: Ақсу ауылы, Айсеркенов көшесі № 13, Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Ақсу, Казсельхотехника, Қазақстан, Өнім ауылдары және мал жайылым учаскелері.

№ 22 сайлау учаскесі.

Орталығы: Көкжайдақ ауылы, Орталық көшесі № 13, Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен, Шолақөзек бастауыш мектебін қосқанда.

Шекарасы: Көкжайдақ ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 23 сайлау учаскесі.

Орталығы: Шолақөзек ауылы, Қосағаш көшесі № 2, Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен, Шолақөзек бастауыш мектебін қосқанда.

Шекарасы: Шолакөзек ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 24 сайлау учаскесі.

Орталығы: Ақтөбе ауылы, Ақтөбе көшесі № 3, Юрий Гагарин атындағы орта мектебі, Баласаз, Ақтөбе бастауыш мектептерін қосқанда.

Шекарасы: Ақтөбе  ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 25 сайлау учаскесі.

Орталығы: Баласаз ауылы, Баласаз көшесі, № 5, Юрий Гагарин атындағы орта мектебі, Баласаз, Ақтөбе бастауыш мектептерін қосқанда.

Шекарасы: Баласаз ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 26 сайлау учаскесі.

Орталығы: Ащыбұлақ ауылы, Достық көшесі № 22 А, Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Ащыбұлақ ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 27 сайлау учаскесі.

Орталығы: Суықсай ауылы, С.Омаров көшесі № 10А, Юрий Гагарин атындағы орта мектебі, Баласаз, Ақтөбе бастауыш мектептерін қосқанда.

Шекарасы: Суықсай ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 28 сайлау учаскесі.

Орталығы: Арасан шекара заставасы, 2484 әскери бөлімі.

Шекарасы: Арасан шекара заставасы, 2484 әскери бөлімі.

№ 29 сайлау учаскесі.

Орталығы: Арасан ауылы, Тұрғанбек көшесі, нөмерсіз, Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен, Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда.

Шекарасы: Арасан ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 30 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қызылжар ауылы, Қызылжар көшесі № 17, Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен, Қызылжар бастауыш мектебін қосқанда.

Шекарасы: Қызылжар ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 31 сайлау учаскесі.

                   Орталығы: Қапал ауылы, Алыбаев көшесі № 4, Қапал ауылдық мәдениет үйі.

Шекарасы: Қапал ауылы, көшелері: Сейфуллин № 1-ден 42-ге дейін, Орманов № 1-ден 30-ға дейін, Әділбеков № 1-ден 15-ке дейін, Жәлел № 1-ден  12-ге дейін, Аққайың № 1-ден 15-ке дейін, Достық № 1-ден 19-ға дейін, Қабанбай батыр № 1-ден 30-ға дейін, Ескелді би № 1-ден 38-ге дейін, Мұқанов № 1-ден 34-ке дейін, Аль-Фараби № 1-ден 64-ке дейін, Маметова № 1-ден                     62-ге дейін, Абылайхан № 1-ден 61-ге дейін, Иманов  № 1-ден 61-ге дейін, Алыбаев № 1-ден 36-ға дейін, Төлебаев № 1-ден 26-ға дейін, Тоқтаров № 1-ден 16-ға дейін, Майлин № 1-ден 8-ге дейін, Дулатов № 1-ден 7-ге дейін, Жандосов № 1-ден 25-ке дейін, Кудерин № 2-ден 16-ға дейін, Ә. Молдағұлова № 1-ден  61-ге дейін, Бокин № 1-ден 22-ге дейін, Абай № 1-ден 18-ге дейін, Уалиханов № 1-ден 7-ге дейін, Ақын Сара № 2-ден 54-ке дейін (жұп жағы).

№ 32 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қапал ауылы, Жібек жолы көшесі № 15, Қапал             кәсіптік-техникалық колледжі.

Шекарасы: Қапал ауылы, көшелері: Т. Бигелдинов № 1-ден 64-ке дейін, Момышұлы № 1-ден 78-ге дейін, Сәтпаев № 2-ден 34-ке дейін, Жұмабаев         № 1-ден 57-ге дейін, Жібек жолы № 1-ден 51-ге дейін, Алдабергенов № 1-ден 20-ға дейін, Әубәкіров № 1-ден 15-ке дейін, Тәнеке батыр № 1-ден 68-ге дейін, Жансүгіров № 1-ден 15-ке дейін, Әуезов № 1-ден 18-ге дейін, Алтынсарин № 1-ден 12-ге дейін, Бейбітшілік № 1-ден 19-ға дейін, Иманов № 40-тан  64-ке дейін, Ақын Сара № 1-ден 85-ке дейін (тақ жағы), № 56-дан 78-ге дейін (жұп жағы).

№ 33 сайлау учаскесі.

Орталығы: Көшкентал ауылы, Амангелді көшесі № 30, Көшкентал ауылдық мәдениет үйі.

Шекарасы: Көшкентал ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 34 сайлау учаскесі.

Орталығы: Көлтабан ауылы, Орталық көшесі № 15, Көлтабан негізгі орта мектебі.

Шекарасы: Көлтабан ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 35 сайлау учаскесі.

Орталығы: Қызылағаш ауылы, Жастар көшесі № 10, Қызылағаш ауылдық мәдениет үйі.

Шекарасы: Қызылағаш ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 36 сайлау учаскесі.

Орталығы: Ақтоған ауылы, Дөсет ата көшесі № 17, Қызылағаш негізгі орта мектебі.

Шекарасы: Ақтоған, Қопалы ауылдары және мал жайылым учаскелері.

№ 37 сайлау учаскесі.

Орталығы: Алажиде ауылы, Мектеп көшесі № 3, Алажиде негізгі орта мектебі.

Шекарасы: Алажиде ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 38 сайлау учаскесі.

Орталығы: Молалы ауылы, Сексенбай көшесі № 25, Мұхтар Әуезов атындағы негізгі орта мектебі.

Шекарасы: Молалы ауылы, Қараой, Қайрақты разъездері.

№ 39 сайлау учаскесі.

Орталығы: Егінсу ауылы, Алтынсарин көшесі № 22, Егінсу орта мектебі.

Шекарасы: Егінсу ауылы, Құмтөбе разъезі.

№ 40 сайлау учаскесі.

Орталығы: Құрақсу ауылы, Қ. Мұқашев көшесі № 17, Қ. Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен.

Шекарасы: Құрақсу ауылы және мал жайылым учаскелері.

№ 41 сайлау учаскесі.

         Орталығы: Матай ауылы, Депо көшесі № 1, Матай пайдалану локомотив депосының мәдениет үйі.

Шекарасы: Матай ауылы, көшелері: Шығыс орамы 1, Шығыс орамы 2, Шығыс орамы 3, Шығыс орамы 4, Шығыс орамы 5, Шығыс орамы 6, Шығыс орамы 7, Депо, Тынышбаев, Қазбек би; Ақөзек, Жасқазақ, Береке разъездері.

№ 42 сайлау учаскесі.

Орталығы: Матай ауылы, Бейсенбеков көшесі № 4 А, Матай орта мектебі.

Шекарасы: Матай ауылы, көшелері: Батыс орамы 1, Батыс орамы 2, Батыс орамы 3, Батыс орамы 4, Оңғарбаев, Медведь, Нұрпейсов, Молықбай.

         № 43 сайлау учаскесі.

Орталығы: Матай ауылы, Қисабек көшесі № 13, ірілендірген Ақтоғай жол дистанциясының Матай учаскесі. 

Шекарасы: Матай ауылы, көшелері: Тоқабаев, Бейсенбеков, Солтүстік, Қожахметов, Қаптағаев, Қисабек, Құрманғалиев.

 

 

 

 

 

 

Дата cоздания: 02 Шілде 2018 12:29
Дата редактирования: 02 Шілде 2018 12:30
Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс