USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

ЖОБА Ақсу ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

ЖОБА

Ақсу ауданы бойынша

жайылым айналымдарының

схемасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 17-бабына, Қазақстан Республикасының                  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                                     31, 37- баптарына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Ақсу ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Ақсу ауданының геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде дайындалған жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Ақсу ауданының ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулыны Ақсу ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Ақсу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқық бөлімшесіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін        

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Арман Кабаев Маратовичке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

 

 

Ақсу ауданының әкімі                                                    А. Далбагаев

 

 

«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс